• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркия Республикасымен ынтымақтастықты нығайту

           Түркия Республикасының Ауыл шаруашылығы және орман министрі Бекир Пакдемирлімен нәтижелі келіссөздер жүргіздім, келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, агроөнеркәсіптік кешендегі қазіргі қазақ-түрік инвестициялық жобаларын іске асыру, сондай-ақ "Kazbeef" ЖШС және "Ақтөбе ет кластері" компанияларын ҚР АШМ кепілдігімен ауыл шаруашылығы өнімдерін сенімді экспорттаушылар тізіміне енгізу мәселелері талқыланды.

          Түркия - біздің бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесіміз. Біз ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен мән береміз. Сондықтан келіссөздер барысында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Бізді сапалы және қол жетімді азық-түлік өнімдерін өндіру, тоқыма өнеркәсібін дамыту, былғары мен жүнді өңдеу бойынша Түркияның тәжірибесі қызықтырады.

            Сондай-ақ, сауда-логистикалық инфрақұрылым құрылысының перспективалары мен аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқыладық.

            Түркия Республикасының Сауда-өнеркәсіп палаталары мен тауар биржалары одағына кіретін ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындар басшыларымен кездесу өткіздік.

           Бұл кездесуде біз мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық тартымдылығын көрсетіп, түрік кәсіпкерлерін ынтымақтастыққа және ауылшаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырдық.

           Нигде қаласында «Göknur Gıda» ірі компаниясының өндіріс орындарында болып, жеміс шырындары, пюре және концентрат өндірісінің технологиялық желісімен таныстым, сондай-ақ кәсіпорынның негізін қалаушы Осман Асланалимен Қазақстанда интенсивті жеміс бақтарын құруды көздейтін жаңа инвестициялық жобаны іске асыру және ұқсас технологиялық өндіріс желісін құру туралы келіссөздер өткіздім.

         "Göknur Gıda" 1993 жылы құрылған, Түркиядағы 500 ірі компанияның бірі болып табылады, өзінің 2500 га жеке меншікті бақшалары, 5 өндіріс орны, АҚШ, Еуропа, Қытай және басқа елдерде жеміс сақтау қоймалары бар. Компанияның айналымы 130 миллион АҚШ долларын құрайды.

         Жобаны іске асыру үшін әлеуетті аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары қарастырылуда. Сондай-ақ, қазақстандық серіктестердің «Göknur Gıda» компаниясымен тиісті келісімдеріне қол жеткізілді. Жобаның құны 204 млн. АҚШ доллары, жоба аясында 500 жұмыс орнын құру көзделуде.

          Адыяман қаласының "Vеtal Animal Health Products" LTD компаниясында ветеринариялық вакциналардың, сарысулардың және басқа да биологиялық өнімдердің өндіріс процесімен таныстым.

         «Vetal Animal Health Products LTD» вакцинаның 45 түрлі түрін шығарады. Компанияның өнімдері әлемнің Түркия, Иран, БАӘ, Ирак, Пәкістан, Әзірбайжан, Украина, Грузия, Франция және т.б. елдерінде кеңінен қолданылады.

         Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Адыяман провинциясының губернаторы Махмут Чухадардың қатысуымен 2021 жылы Түркістан облысында осындай өндіріс құру туралы меморандумға қол қойылды.

         Жобаның жалпы құны 60 миллион долларды құрайды. Бірінші кезеңде ауылшаруашылық жануарларының ауруларын емдеу және алдын-алу үшін ветеринариялық препараттар мен вакциналар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр, 75 жұмыс орны құрылады. Болашақта зауыттың өндірістік қуатын және жұмыс орындарының санын 300-ге дейін арттыру жоспарлануда.

  • 21.10.2020
  • 468
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика