- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Корея Республикасы Үкіметінің арнайы Елшісімен кездесу туралы
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 6 сәуір - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Корея Республикасы Үкіметінің арнайы Халықаралық көрмелер бюросымен ынтымақтастық орнату туралы Елшісі Квон Ёнг Умен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.
Арнайы Елші қазақстандық тарапты ЭКСПО-2030 дүниежүзілік көрмесін өткізу орны ретінде Бусан қаласын ұсыну туралы хабардар етті, сондай-ақ аталған іс-шараны осы қалада өткізудің артықшылықтары туралы айтты.
Қорытындылай келе, тараптар екі елдің жемісті ынтымақтастығын жалғастыру ниетін растады.
- 07.04.2022
- 181