- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан мен Швеция арасындағы ынтымақтастыққа 30 жыл
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 7 сәуір – Нұр-Сұлтан мен Стокгольм бір-бірінен 4 мың шақырымнан астам қашықтықта орналасқанына қарамастан, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар достық пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде құрылуда. Осыдан 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі ресми түрде дипломатиялық қатынастар орнатты.
Мерейтойлық күнге орай екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Мұхтар Тілеуберді мен Анн Линде құттықтау хаттарымен алмасты. Өз хатында қазақстандық министр қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті. Өз кезегінде, швед министрі «екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық үшін зор ризашылығын білдіріп, соның ішінде 2021 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығы Қазақстан астанасында жылы қабылдау туралы айтты.
Швеция Қазақстанның Еуропа одағындағы маңызды саяси серіктесі. 2004 жылғы қазанда Қазақстан Президентінің Швецияға алғашқы ресми сапарынан бері тараптар түрлі деңгейлерде ондаған өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар өткізді.
Бұл тұрғыда парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылдың мамыр айында Қазақстан Парламентінің Мәжіліс мен Сенат депутаттарының Швеция Парламентінде Орталық Азия елдерімен достық қауымдастығы өкілдерімен алғашқы онлайн-кездесуі өтті.
Екі ел халықаралық күн тәртібінің кең ауқымы бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанады және БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберінде тығыз өзара әрекеттеседі. Осылайша, 2021 жылы Швецияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезеңінде Қазақстан мен Швецияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Нұр-Сұлтан, Мадрид және Стокгольм қалаларында демократиялық өзгерістерді одан әрі дамыту, адам құқықтарын сақтау және «Стокгольм бастамасы» аясында ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді.
Швед бизнесі Қазақстанмен инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше қызығушылық танытады. Covid-19 пандемиясының теріс әсеріне қарамастан, өзара тауар айналымының көлемі оң динамиканы көрсетеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналымы 231,3 млн АҚШ долл. (экспорт – 59 млн, импорт – 172,3 млн), бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 18%-ға жоғары (191,3 млн долл.). Швециядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны қарқынды өсуде. Ресми статистика деректері бойынша 2005-2021 жылдары Қазақстан экономикасына 450 млн АҚШ долл. көлеміндегі инвестиция келді.
Бүгінде Қазақстан нарығында 50-ден астам швед компаниясы жұмыс істейді, солардың ішінде әлемге танымал брендтер Ericsson, Volvo, Scania, Atlas Copco, Electrolux, Oriflame және H&M. Маңғыстау облысында жасыл сутегі өндірісі бойынша Svevind неміс-швед концерні ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өлшемдегі ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда. Швецияның білім беру жүйесі әлемде жоғары сапасымен танымал, Қазақстанның жоғары оқу орындары, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Ынтымақтастық жылдарында Швецияда «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 130-дан астам Қазақстан студенттері білім алды.
Үш онжылдықтың қорытындысы көрсеткендей, Қазақстан мен Швеция бірқатар бағыттар бойынша табысты өзара әрекеттестік жасауда және ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша диалогты одан әрі нығайтуға дайын.
- 08.04.2022
- 148