• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Ирландия арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл толды

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 10 сәуір – Бүгін Қазақстан мен Ирландия дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтуде.

Ынтымақтастықтың өткен жылдарында екі ел сындарлы саяси қарым-қатынастар, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстар орнатып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды айтарлықтай кеңейтті.

Соңғы жылдары ынтымақтастықтың серпінді бағыттарының бірі көпжақты өзара әрекеттестік болды. Нұр-Сұлтан мен Дублие БҰҰ және ЕҚЫҰ шеңберінде тиімді ықпалдасады және демократия, адам құқықтары мен заң үстемдігі сияқты әмбебап құндылықтарды ұстанады. Ирландия 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдады, ал Қазақстан 2021-2022 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Ирландияның кандидатурасына дауыс берді.

Ирландия – экономикасы қарқынды дамып келе жатқан жаһандық экономикалардың бірі және әлемдегі ең инновациялық 15 мемлекеттің қатарына кіреді. Ирландияда жетекші IT-компаниялардың Еуропа штаб-пәтерлері орналасқан: Apple, Google, Facebook, Amazon, IBM, Microsoft, Ebay, Oracle және басқаларының. Қазақстан IT дамыту бойынша Ирландияның тәжірибесіне, сондай-ақ ҚР аумағында трансұлттық компанияларды тарту және толыққанды жұмыс істеу үшін жағдай жасауға мүдделі. Осыған байланысты, 2018 ж. «Зерде» ҰБХ АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ Қазақстан делегациясының Дублин қаласына іссапары ұйымдастырылып, іссапар барысында Ирландияның технологиялық компанияларымен кездесулер өткізілді.

Екі елдің үкіметтері агроөнеркәсіптік кешенде ынтымақтастыққа дайын екендерін білдіруде. Ирландия Еуропадағы сиыр еті мен сүт өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып табылады. Осы бағытты жандандыру мақсатында «QazIndustry «қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «International Development Ireland» Ирландия ұлттық компаниясы 2019 жылы Қазақстанға 50 млрд. теңге сомасына Ирландия инвестициялық жобаларды тарту жөніндегі меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың келешегі мол салаларына қаржы секторы да жатады. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Ирландияның Орталық банкі инвесторларды қорғау, нарықтық және қаржылық тұтастықты нығайту, сенім мен қаржылық тұрақтылықты қолдау мәселелерінде өзара әрекеттестікке бағытталған құжатқа қол қойды.

Экономикалық бағытта тараптардың барлық күш-жігері өзара тауар айналымын арттыруға бағытталған, ол 2021 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 140 млн. АҚШ долларын құрады (алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14,2%-ке өскен), сондай-ақ Ирландияның бизнесі мен қазақстандық нарыққа инвестициялар тартуға бағытталған (Қазақстанда Ирландия капиталының қатысуымен 40 компания жұмыс істейді. Ирландиядан келген тікелей шетел инвестициялардың жалпы көлемі 130 млн. АҚШ долл. құрайды).

Ирландияның білім беру жүйесі де қазақстандықтар арасында елеуші қызығушылық тудырады, ол жоғары сапалы мамандар мен оқытушылардың өндірушісі ретінде берік беделге ие. Жақында Қазақстандағы орта мектептердің ағылшын тілі оқытушыларына арналған тегін онлайн-білім беру курстарын өткізу бойынша бірлескен жоба аяқталды, оның шеңберінде шамамен 4 мың оқытушы оқудан өтті.

Өзара әрекеттестіктің қазіргі жағдайы екі елдің саяси, экономикалық және мәдени қатынастарын одан әрі нығайтуға ұмтылысын көрсетеді.

  • 11.04.2022
  • 238
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика