• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елордада 16 мың үлескер отбасының 13 мыңының проблемасы шешілді.

Елордада 16 мың үлескер отбасының 13 мыңының проблемасы шешілді. Құрылысы ұзаққа созылған өзге нысандар бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Жергілікті орындарды аралау барысында мынадай проблемалы тұрғын үй кешендерінің (ТК) үлескерлерімен кездестім: «Садовые кварталы», «Комсомольский» және «Аниса» ТК. Жалпы алғанда құрылысы ұзаққа созылған үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінде шамамен 1,5 мың үлескер отбасы бар. Үлестік құрылыстың осы нысандары бойынша қысқаша тоқталып өтейін.
✅ «Садовые кварталы» тұрғын үй кешені – құрылысы 2013 жылы басталған. Бірақ 2014 жылы іргетасының қадалары тұрғызылған күйінде ғана қалды. Бүгінге дейін осы нысанның үлескерлерімен тек қазаншұңқырдың маңында кездескенбіз. Одан бері ауқымды жұмыс жүргізілді: техникалық тексеру өткізіліп, құрылысы жанданды, ал ең маңыздысы – инвесторлар жұмылдырылды. «Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Нысанның құрылысы жеке инвесторлар есебінен салынып жатыр.
✅ «Комсомольский» тұрғын үй кешені 7 жыл бұрын проблемалы нысанға айналды. Мұнда пәтерлерді 600-ден аса үлескер отбасы алған. Қазіргі уақытта нысанда витраждарды монтаждау, терезелер орнату, лифт жабдықтарын монтаждау, инженерлік желілерді орнату және т.б. жұмыстар жүріп жатыр.
✅ «Аниса» тұрғын үй кешені – сегіз жылдық тарихы бар нысан. Бұл нысанға да инвесторлар тарттық. Олар өз қаражаты есебінен нысанның құрылысын аяқтайды. Мәселен, 1 және 2-блоктарда қабырғаларын қалау жұмыстары, 5 және 6-блоктарда монолитті жұмыстар жүріп жатыр.
Үлестік құрылыстарды аяқтау мәселесін Мемлекет басшысы тікелей назарында ұстап отыр. 2019 жылдың жазында проблемалы 150 көппәтерлі тұрғын үй кешені болса, қазір оның 90-ны аяқталды. Қалған нысандар бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.

  • 11.04.2022
  • 201
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика