• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әрбір елді мекеннің өзіндік артықшылықтары мен шешілуі тиіс проблемалары бар.

Әрбір елді мекеннің өзіндік артықшылықтары мен шешілуі тиіс проблемалары бар. Тұрғындардың өзі тұратын маңайына асқан жауапкершілікпен қарайтыны қуантады. Қаланы жүйелі түрде дамыту үшін аудандарымыз бен елді мекендерімізді тұрақты аралап тұрамыз. Бүгін Теміржолшылар елді мекенінің тұрғындарымен кездестім.
✔️Кездесу барысында қала тұрғындары маңызды проблемаларды қозғады. Нақтырақ айтқанда электр энергиясының жұмысына боранды, желді күндер әсер етіп, салдарынан жарық жүйесі желіден ажырап жатады. Сондай-ақ медициналық мекеменің жұмысы, оған жөндеу жұмыстарын жүргізу, қосымша ғимарат бөлу қажеттігі секілді жүйелі проблемалар бар.
✔️Қала тұрғындары сол сияқты әлеуметтік нысандар, жол салу, аулалар құрылысы, жарықтандыру, жылы аялдамалар орнату, автобустарды іске қосу, Қазпошта бөлімдерін ашу, көгалдандыру секілді өзге де мәселелерді көтерді.
Қала тұрғындары қозғаған проблемаларды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлеміз. Алғашқы екі кезең – жол құрылысы, жарықтандыру, аялдамалар орнату, автобустарды іске қосу, аулалар салу бойынша тиісті жоспар құрылады. Бұл проблемаларды назарымызға алып, уақытылы шешетін боламыз. Сол сияқты бос уақытты ашық аспан астындағы аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде ғана өткізбеу үшін әрі спортпен шұғылдану үшін осы елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (ДСК) саламыз.
✅Жүйелі проблемаларға тоқталар болсам, электр қуатына қатысты қиындықтарды шешу үшін қосалқы станция саламыз. Оның жұмысы шамамен екі жылға созылады, есесіне бұл проблема шешіліп, тұрғындарға электр желісі тоқтаусыз берілетін болады. Медициналық мекеме жөнінде – біз №11 емхананы (№2 корпус) күрделі жөндеуден өткіземіз, сонымен қатар медициналық қызметкерлерді ынталандыру және аясы тар мамандарды жұмылдыру мәселесін де қарастырамыз.
✅Ауданды көгалдандыру бойынша да айта өтейін. Газдандыру жұмысы қаланың экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Осыған дейін айтқанымдай, біз екі ауданды – Сарыарқа және Алматыны газдандырдық. Ал Теміржолшылар елді мекенінде газ тарату желілері іске қосылды, тұрғындар ақырындап газға қосылып жатыр. Осы бойынша оң нәтижелерді байқап отырмыз. Бұл елді мекенді көгалдандыратын боламыз.

  • 11.04.2022
  • 211
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика