• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елорданың күн санап көркейіп келе жатқанын ескерер болсақ, нөсер кәрізінің құрылысы өте өзекті бағыт болып саналады.

Елорданың күн санап көркейіп келе жатқанын ескерер болсақ, нөсер кәрізінің құрылысы өте өзекті бағыт болып саналады. Қазіргі қолданыстағы нөсер кәріздерінің қуаты аздық ететіндіктен жаңаларын салу бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Нөсер кәріздерінің бір бөлігі салынып болды. Бүгін қаланы аралау барысында жобаларымыздың біріне бардым. Жүргізіп жатқан жұмыстарымызға толығырақ тоқталып өтейін:
✅Бірінші. Жастар шағын ауданындағы кәріз суын тазарту ғимараты
Жастар шағын ауданында (Тәшенов пен Амман көшелерінің қиылысы) жеткізуші коллекторларды қайта жөндеумен айналысатын кәріз суын тазарту құрылысын салдық. Жаңа құрылыстардың қуаты – тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Аталған нысан Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Пушкин, Иманбаев көшелерінде, Республика даңғылында, Тәуелсіздік даңғылының жоғарғы бөлігінде су басу проблемасын шешті.
Бұл қондырғының ерекшелігі – Есіл өзеніне жаңбыр мен еріген қар суы құйылар алдында тазартылады. Ал бұрын өзенге тікелей құйылатын, бұл өз кезегінде өзен суын ластап қана қоймай, қаланың экологиясына да теріс әсер ететін. Тазарту қондырғысы өткен жылдың күзінде іске қосылды, ал биыл абаттандыру жұмыстарын аяқтаймыз – тазарту қондырғысы жер астына орнатылғандықтан, оның үстіне гүлзар отырғызып, маңайын көгалдандырамыз.
✅Екінші. Б.Момышұлы даңғылындағы магистральді коллектор
Өздеріңізге мәлім, жаңбырлы күндері су астында қалатын ең проблемалы учаскелердің бірі – Б. Момышұлы даңғылы болатын. Қазір бұл жерде нөсер кәріздерінің магистральдық коллекторының құрылысын аяқтадық. Бұл нөсер кәрізінің ұзындығы 500 метрді құрайды – басы Дауылпаз көшесінен басталып, Елім-ай көшесіне дейін (Бауыржан Момышұлы даңғылын кесіп өтеді) жалғасады. Жаңа нысан қолданыстағы нөсер кәрізі желілерінің өткізу қабілетін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді.
✅Үшінші. Елді мекендердегі тазарту құрылыстары
Осыған дейін Тельман елді мекенінде тазарту қондырғылары мен магистральдық коллектор салу жұмысы аяқталған болатын. Қуаттылығы – тәулігіне 36 мың текше метрден асады. Жобаны іске асыру Тельман елді мекенін, №27 көшенің бойындағы құрылысы қарқынды жүріп жатқан аумақты және т.б. қамти отырып, жер үсті ағындарын бұрып әкетуді қамтамасыз етті.

  • 11.04.2022
  • 230
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика