• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұзаққа созылған қыс мезгілі аяқталып, абаттандыру маусымы басталды.

Ұзаққа созылған қыс мезгілі аяқталып, абаттандыру маусымы басталды. Елордамызда әдетте жылыту маусымы шамамен 8 айға созылады. Қазір қаланың барлық ауданында санитарлық тазалау жұмыстары басталып кетті: көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, көшелерді қоқыстан тазалау және т.б.
✔️ Негізгі бағыттардың бірі – жол салу және жөндеу. Бүгін қаланы аралау барысында тұрғындар жиі жүгінетін бірнеше орынға бардым. Мәселен, А.Бектұров, Мұхамедханов, Қ.Қайсенов, Қабанбай батыр көшелері, Венский квартал, «Zam Zam» тұрғын үй кешендерінің ауданы, Binom мектебі және т.б. Қала тұрғындарының шағымдары орынды. Жол жөндеу жұмыстары елорданың барлық ауданында жүргізіледі.
✅Бірінші. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізіміне адам көп жүретін, жаңа әлеуметтік нысандар (мектеп және т.б.) орналасқан, сондай-ақ салынып жатқан аудандарды қосуды тапсырдым.
✔️Бір айта кетерлігі, құрылыс жүріп жатқан аудандарда жол жоба бойынша салынып жатыр: алдымен инженерлік желілер толық салынады, содан кейін барып қана негізгі асфальт төселеді. Ал оған дейін жүруге жарайтын уақытша жол салынады.
✅Екінші. Жол жұмысы кезінде қаланың оң жақ бөлігі мен елді мекендерге көңіл бөлеміз. Себебі елді мекендерде қаламыз ел астанасы болғалы асфальт көрмеген жолдар бар. Соңғы жылдары 300 көшені жөндеп, салдық.
✅Үшінші. Біз үшін қала тұрғындарымен өзара байланыс орнату маңызды. Өздеріңіз білетіндей, былтыр біз Birge платформасын (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/) іске қостық. Бұл платформаға тұрғындар қаланы түрлі бағытта дамыту бойынша ұсыныстар жібереді. Сол сияқты жобаларға дауыс беріп, олардың арасындағы ең жақсысын таңдайды. Үздік жобалардың бір бөлігін біз іске асырдық.
✔️Қала тұрғындары Birge платформасы арқылы жол инфрақұрылымы мәселелеріне қатысты жүгіне алады. Сол сияқты әкімдіктің, оның ішінде аудандық әкімдіктердің әлеуметтік желілері арқылы да жүгінуге болады. Өз кезегінде мамандарымыз зерттеп, тиісті шаралар қабылдау үшін жұмысқа алатын болады.
✅Төртінші. Жоғарыда айтылғандарды ескерер болсақ, тиісті басқарма мен жол ұйымдарына жауапты әрі ауыр міндет жүктеледі. Климаттық жағдайларға байланысты қаламызда абаттандыру уақыты қысқарады. 

  • 11.04.2022
  • 180
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика