- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Прокуратураның қызметі туралы
Прокуратура қоғамға және әрбір азаматқа жеке пайдалы болуы тиіс.
Сондықтан әзірленіп жатқан «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның жаңа нормалары прокуратура органдарының құқық қорғау қызметін жүйелі түрде күшейтуге және елдегі заңдылықты нығайтуға бағытталатын болады.
Сілтеме жасайтын нормаларды қысқартамыз, қадағалаудың барлық салалары бойынша қызметтің базалық бағыттарын бекітеміз.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, халықпен өзара іс-қимылға ерекше назар аударамыз, бұл ашықтық пен сенім деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.
Конституциялық Соттың құрылуы жоспарлануына байланысты Бас Прокурордың аталған конституциялық органға жүгінуі жөніндегі өкілеттіктерін көздейміз.
Менің ойымша, мұндай тетік прокуратура органдарының құқық қорғаушылық әлеуетін күшейте түседі.
- 13.04.2022
- 229