- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
Жанат Элиманов Президентке осы жылғы ҚМА қызметінің нәтижеcі туралы баяндады.
552 қылмыстық іс қозғалды, олардың жартысынан көбі ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша. ҰҚТ құру фактілері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 62 млрд теңге.
«Тариф» жобасы аясында коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтердің негізсіз өсуі мен монополиялардың бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Мемлекет басшысы Жанат Элимановқа бизнеске қатысты барлық тергеліп жатқан қылмыстық істерде заңдылықты мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Толық ақпарат ресми сайтта akorda.kz.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
- 18.04.2022
- 216