• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ӘМАТ-қа сауда үстемесін асыру айыппұл салуға әкеп соғады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (КВИ жағдайында) туралы брифинг өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы атынан спикерлер құрамында ҚР СИМ Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров сөз сөйледі.

Ерлан Ешназаровтың айтқандай, Сауда және интеграция министрлігі ең жоғары өсу кезеңінде, оның ішінде маусымаралық кезеңде бағаларды уақтылы тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Сауда қызметін реттеу туралы Заңға және ішкі сауда қағидаларына сәйкес, ӘМАТ бағаларын қоспағанда, сауда субъектілері тауарлардың бағаларын дербес белгілейтінін атап өтті.

2020 жылғы 9 айда, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ӘМАТ бағасы 4,2%-ға өсті. Бұл ретте, мамырдан қыркүйекке дейін бағалар төмендеп, мамырда 0,1%, маусымда және шілдеде - 0%, тамызда -1% және қыркүйекте - 0,4% құрады.

Бағаларды тұрақтандыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекітеді. Бұл ретте, бағалар 15%-ға артқан және бір мезгілде 30 күн ішінде 30%-ға өскен жағдайда шекті бағалар белгіленеді.

Мысалы, 2020 жылдың 3 шілдесінен бастап Қызылорда облысында 10 дана үшін 284 теңге мөлшерінде 1 санаттағы жұмыртқаға шекті баға белгіленді.

«Сонымен қатар, Заңда ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайтын мөлшерде белгіленген. Аталған норма жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзылған жағдайда шағын, орта және ірі бизнес субъектілері үшін тиісінше 10, 75 және 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделеді. Бұл шара делдалдар тарапынан бағаны жасанды көтеруді болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары.

Сонымен бірге, Министрлік әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізушілерден сыйақы (ретро-бонус) алу үшін және қалған азық-түлік тауарлары бойынша 5%-дан астам сыйақы алу үшін сауда субъектілеріне әкімшілік жауапкершілікті қарастырды. Бұдан басқа, сауда нарықтары әкімшілерінің сауда субъектілерін әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағалардың мөлшері туралы хабардар ету жөніндегі міндеті енгізілді.

Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары ӘМАТ-қа бағаны реттеудің басқа құралы айналым схемасы болып табылатынын еске салды.

«2019 жылдан бастап әкімдіктердің сауда желілеріне ӘМАТ-ты белгіленген баға бойынша іске асыруда қарсы міндеттемелерін белгілей отырып, оларға жеңілдікті қарыздар беру мүмкіндігі енгізілді. Бұл механизм өзін дәлелдеді. Өңірлерде сауда желілеріне «айналым схемасы» бойынша 14,5 млрд.теңге мөлшерінде жеңілдікті қарыздар бөлінді», - деді Е. Ешназаров.

2020 жылдың сәуір айынан бастап әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларына онлайн-мониторинг жүргізудің «dosmart.kz» электрондық платформасы іске қосылғанын естеріңізге сала кетейік, бүгінде 28 мыңға жуық тіркелген пайдаланушылары бар.  

Платформа тауарлардың бағасы, тауарлардың болуы, сондай-ақ нақты уақыт режимінде сауда нүктелері мен қоймалардың жүктемесі туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін әртүрлі дүкендердегі белгілі бір тауардың бағасын салыстыру мүмкіндігі үшін тауарлар каталогын ұлғайту жоспарлануда.

Сонымен қатар, пайдаланушыларға ақпарат бергені үшін кэшбек қамтамасыз етіледі.

  • 23.10.2020
  • 389
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика