- Блогтар
- Омаров М.Т.
Омаров М.Т.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА ЭКОНОМИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАЛАРЫН МОНОПОЛИЯДАН АРЫЛТУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫСТАР БЕРІЛДІ
Президенттің монополиялық топтардың аралас тауар нарықтарына әсерін, экономикалық тиімділігін бағалау, қолдан жасалған монополияларды анықтау мақсатында оларға кешенді талдау жүргізу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Мемлекет басшысына мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергиясы, теміржол көлігі, азаматтық авиация, телекоммуникациялар, қаржы нарықтары, қоғамдық көлік қызметтері нарықтарын монополиясыздандыру туралы әзірленген ұсыныстар берілді.
Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы үшін бәсекелестікті дамытудың маңызы зор екенін атап өтіп, экономиканың маңызды салаларын монополиядан арылту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруды және олардың сапалы орындалуына бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
- 20.04.2022
- 271