- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Ирригациялық жүйе
Ирригациялық жүйеміздің жетіспеушілігі көше мен үйлерді су басуына әкеліп соғуда. Мәселенің бар екендігін мойындауымыз керек. Ендігі кезек оның шешімінде. Әрине ол оңай емес. Жан-жақты зерделеу жұмыстарымен қоса, қыруар қаржы мен белгілі бір уақытты талап етеді.
Бүгін тиісті саладағы үздік мамандардан құралған арнайы топтың кезекті отырысын өткізіп, тақырыпты жан-жақты талқыладық.
Арнайы топ өкілдері қаладағы су басу қаупі бар 150 нүктені анықтады. Олардың басым бөлігі мегаполиске жаңадан қосылған елдімекендер. Себебі онда ирригациялық арықтар осыған дейін мүлде болмаған.
Алдағы уақытта анықталған орындардың арнайы жобасы дайындалып, аумақтық ирригациялық желіні ортақ бір жүйеге келтіру үшін концепция дайындап, әрбір нүктенің техникалық құжаттарын жасаймыз. Нақты іске содан кейін ғана көшпекпіз.
Келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамын.
- 21.04.2022
- 166