- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Кезекті кездесуім бүгін, Қаратау ауданына қарасты Сайрам аумағының тұрғындарымен өтті.
Кездесуге Сайрам, Исфиджаб, Қызыл су, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Орманшы тұрғын алаптарынан 350 ден аса тұрғын келді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен аумақтың инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылуын түсінідіріп өттім.
Қаратау ауданында 265 мыңнан аса халық бар. Мұнда инфрақұрылым жүйесі өзекті мәселе. Былтыр 4 елдімекен ауыз сумен, 3 елдімекен электр және табиғи газбен қамтылды. Бұл жылы
✔️Қайнарбұлақ т/а, Асар-2 (2 кезек), Сайрам аумағында - ауыз су;
✔️Қайнарбұлақ, Достық, Асар-2, Тұран шағын ауданында - электр энергиясы;
✔️Тұран, Асар-2, Қайнарбұлақ тұрғын алабында - табиғи газдың құрылысы басталады.
Тұрғындардың барлығын жеке қабылдау мүмкін емес. Сондықтан оны аумақтарға бөліп өткізудеміз. Оған қоса, әр ай бірыңғай қабылдау күні, апта сайын аудан белсенділерімен өтетін жиын да бар. Мақсат - қала тұрғындарын барынша қамти отырып жұмыстармен таныстыру, пікір алмасу, ақылдасу, мәселені бірге шешу. Нәтижелер жоқ емес.
- 21.04.2022
- 219