- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қаржылық мониторинг агенттігінде Парламентаризм институтымен бірлесіп «Қаржы пирамидаларына және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, өкілдері «Атамекен», Адвокаттық қоғамдастық пен БАҚ қатысты. Дөңгелек үстел барысында қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл және олардың жарнамасына қатысқаны үшін заңды жауапкершілікті белгілеу мәселелері талқыланды. Мәселен, Парламентаризм институты «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» заңға және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының заңына тиісті түзетулер енгізе отырып, қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл жасау және олардың жарнамасына қатысқаны үшін заңды жауапкершілікті белгілеу мәселелері бойынша талдау жүргізді. Сондай-ақ, жалған шот-фактураларды жазып берудің жолын кесу шеңберінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселесі (ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатын бір күндік фирмалар қызметінің жолын кесу) қозғалды. Іс-шара қорытындысы бойынша қаржы пирамидаларының қызметіне және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша меморандумға қол қойылды.
- 21.04.2022
- 222