- Блогтар
- Сапаров А.C.
Сапаров А.C.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады
2022 жылғы 21 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша кезекті қабылдау өткізді. Өтініштер мал азығымен қамтамасыз ету, субсидия жүйесі, жайылымдық жерлер мәселелеріне қатысты болды.
Сондай-ақ, ведомство басшысына мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар жобалар таныстырылды. Министр барлығы 8 адамды қабылдады.
Ербол Қарашөкеев азаматтарға қойылған әрбір мәселе бойынша түсініктеме беріп, ұсынылған ұсыныстар мен жобалар ведомствоның құрылымдық бөлімшелерімен мұқият қаралатынын атап өтті. Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша министр құрылымдық бөлімшелерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.
- 22.04.2022
- 176