- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстанда экспорттаушылар үшін Digital Export Бірыңғай цифрлық терезе пайда болады
Бүгін, 2020 жылғы 26 қазанда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте сөз сөйледі.
Ол сауда ведомствосының еліміздің Президентінің қыркүйектегі Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы айтып, Сауда және интеграция министрлігінің міндеттерін, сондай-ақ экспортты, оның ішінде цифрландыру арқылы өркендеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірді.
Біз 10 мемлекеттік органмен және квазимемлекеттік бөлімшелерімен ұсынылатын мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын шоғырлауды және export.gov.kz порталын Digital Export Бірыңғай цифрлық терезеге айналдыруды жоспарлап отырмыз, - деді Бақыт Сұлтанов.
Бұл үшін қазірдің өзінде Сбербанк және Альфа Банкпен бірлесіп 2 пилоттық жоба іске қосылды. Экспорттаушылар электрондық өтінім беріп, шығындарының өтемақысын ала алады.
-Бұл өтемақы алу процесін 7 күнге дейін қысқартады. Бүгінгі таңда бұл қағаз жүзінде жасалады және 25-30 күнге дейін созылады.
Одан әрі басқа банктердің қатысуымен қызметтерді кеңейту жоспарланып отыр.
- 26.10.2020
- 340