• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстандықтарда «цифрлық әлеуметтік әмиян» пайда болады

Бүгін, 2020 жылғы 26 қазанда сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте сөз сөйледі.

Ол сауда ведомствосының еліміздің Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы айтып, Сауда және интеграция министрлігінің міндеттерін, сондай-ақ сауда мен экспорттағы инфрақұрылымдық және цифрлық жобалар, олардың өзара қалай тоғысатыны және олардың ел үшін пайдасы туралы түсіндірді.

Сауда және интеграция министрі айып өткендей, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия өңірі елдерінің баламалы жүйелерін интеграциялай отырып, ұлттық тауар өткізу жүйесін құру – Мемлекет басшысының маңызды тапсырмасы болып табылады.

Ұлттық тауар өткізу жүйесі Еауразиялық азық-түлік хабының негізгі инфрақұрылымы болады.

Қазақстанда ҰТЖ 24 көтерме-тарату орталықтан тұратын болады, олар фермерлік өнімді сақтау және қайта тарату бойынша көрсетілетін қызметтердің толық кешенін көрсетуге бағытталады.

Мұндай орталықтарды құру шикізатты сатып алу, өнімді өндіру және өткізу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, көптеген шаруашылықтардың күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді. Бір мезгілде барлық ауыл шаруашылық өндірушілерін кепілді тауар өткізілімімен және кіріс өсімімен қамтамасыз етеді.

Жалпы Ұлттық тауар өткізу жүйесі фермерлерді, сатып алушыларды, көлікшілерді, өткізушілер мен тұтынушыларды кластерге біріктіру үшін зәкірлі инфрақұрылым ретінде болады.

Жоба практика жүзінде іске асыру сатысына шығуда. Қазанның басында алғашқы 7 көтерме-тарату орталықтары құрылысына мүдделі бизнес-консорциум компаниялар жеке қаржы бастамасымен Министрлікке өтініш білдірді.

Аталған объектілер Павлодар облысының Мичурино ауылы мен Ақсу қаласында, Алматы облысының Қапшағай қаласында, Жамбыл облысының Шу қаласында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында орналасатын болады.

Тағы 17 көтерме-логистикалық орталықтар бойынша біз жеке инвесторларды тарту бойынша жұмысты алдағы жылдың соңына дейін жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Тауар өткізу жүйесінің функционалдық мүмкіндігі қазақстандықтың «цифрлық әлеуметтік әмияны» болмақ. Оны енгізуді пысықтау биылғы Жолдауда  тапсырылды.

Министр Б. Сұлтанов түсіндіргендей, «цифрлық әмиянды» енгізудің мақсаты бір жағынан, азаматтарға әлеуметтік көмекке бөлінетін бюджеттік ресурстардың нысаналы пайдаланылуын және екінші жағынан, отандық тауар өндірушілерге жасырын қолдау түрінде оларды «қайтаруды» қадағалау болып табылады.

Яғни, цифрлық әмиян біздің бизнес жүзеге асыратын әлеуметтік маңызды тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлем төлеуге арналған.

Өзара байланысты келесі мысалында көрсетті:

- Ұлттық тауар өткізу жүйесінің механизмі – өнімді сатып алушыға тиімді және тез жеткізу, былайша айтқанда, «алқаптан сөреге дейін», сонымен қатар, оны сақтау. Бұл жағдайда тұтынушы алатын әсер –  қосымша жарнамасыз және ең жақсы сападағы өнім. Ал әлеуметтік көмек алатын азаматтар қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың арнайы жүйесі арқылы осы отандық тауарларды сатып алып, ақшаны фермерлерге тікелей жібере алады. Осылайша, өндіруші мен тұтынушының  бір-біріне деген өзара тиімді қызығушылықтарын біріктіре отырып, біз ҰТЖ арқылы тауар-ақша айналымының өзіндік бір түрін жабамыз.

- Бұл жұмысты біз өзіміздің цифрлық жобаларымыз аясында жүргіземіз. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жұмыстарды үйлестіру үшін біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы министрліктерімен, Ұлттық банкпен және қаржы секторының қоғамдық ұйымдарымен бірлескен жұмыс тобын құрдық, - деді министр «әлеуметтік әмиян» бойынша жұмыс барысы туралы баяндағанда

  • 26.10.2020
  • 431
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика