• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі қазақстандық банктердің тәуекел рейтингтерін растады

Күні кеше Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі - Moody’s) Kaspi Bank, Forte Bank және Қазақстанның Даму Банкі бойынша ұзақ мерзімді рейтингті растады.

Мәселен, Kaspi Bank бойынша ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі және тәуекелдің ұзақ мерзімді рейтингі «Ва1» деңгейінде расталды. «Тұрақты» болжамы Moody’s-тің банктердің алдағы уақыттағы орнықты дамуына қатысты пікірін білдіреді.

ForteBank АҚ бойынша рейтинг те «Тұрақты» болжамымен «Ва2» деңгейінде расталды. Бұл капиталдандыру, пайда табу мен өтімділіктің арқасында банктің инфляцияның артуы және қаржы нарықтарындағы жағдайдың қиындауы аясында орын алуы мүмкін активтер сапасының ықтимал әлсіреу тәуекелдерін тиімді басқара алатынын білдіреді.

Сондай-ақ, Moody’s «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың ұзақ мерзімді рейтингін «Ваа2» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» болып өзгертілді. ҚДБ рейтингтерінің Baa2 деңгейінде расталуы «Бәйтерек» холдингі арқылы «Қазақстан үкіметі тарапынан банкті ықтимал сыртқы қолдауына қатысты белгісіздіктің азайғанын көрсетеді».

Жоғарыда аталған барлық ұйымдардың ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша «Тұрақты» болжамы Moody's-тің капиталдандырудың жоғары деңгейі, орнықты кірістілік пен жоғары өтімділіктің жиынтығында анағұрлым жоғары инфляция және қаржыландыру талаптарын қатаңдату жағдайында активтер сапасының тәуекелдерін теңестіреді деген сенімін көрсетеді. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі рейтингтік  агенттік қорытындыларының банк жүйесі бойынша деректермен расталатынын атап өтеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның банк секторында үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және банк қызметтерінің толық тізбесін көрсету үшін меншікті капитал мен өтімділіктің едәуір қоры бар.

Банктер Агенттікпен бірлесіп ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде банктердің кеңейтілген тізімі бойынша 2022 жылдан бастап жыл сайынғы негізде жоспарланған толық ауқымды қадағалап стресс-тестілеу шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізуде.

Баса атап өтетінім, қадағалап стресс-тестілеуді толыққанды енгізу банктердегі тәуекелдерді басқарудың ішкі процестерін жақсартады, сондай-ақ 2023 жылдан бастап экономика дамуының стрестік сценарийлерін іске асырған жағдайда ықтимал шығындарды жабу үшін жеткілікті деңгейде капитал бойынша талаптарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл қазақстандық банктердің рейтингтерін одан әрі жақсартуға ықпал ететін болады.

 

  • 25.04.2022
  • 254
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика