• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысының тұрғындарымен кездестім

 Жұмыс сапарымен Ақмола облысында болдым. Жалпы, Ақмола облысының экологиялық жағдайы басқа өңірлермен салыстырғанда қолайлы. Табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен ластаушы заттардың шығарындылары 13%-ға төмендетіліп, 118 мың тоннаны құрады. Алайда, қалдықтарды басқару инфрақұрылымының нашар дамуы, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің едәуір саны және КТҚ-ның тозуы немесе олардың тіпті болмауын облыстың негізгі проблемасы деп айтуға болады. Мәселен, Ақмола облысында 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚТҚ өңдеу үлесі бар болғаны 8,7% - ды құрады. Бұл ел бойынша ең төменгі көрсеткіш. Өңірде бөлек жинау - 10, ал сұрыптау – 7 елді мекенде ғана енгізілді, ал еліміз бойынша 205 кәсіпорынның 3-уі ғана өңірде қалдықтарды басқару бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Көкшетау және Степногорск қалаларында КТҚ 90%-ға дейін тозған және күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды талап етеді. Биологиялық тазарту құрылыстары Целиноград ауданының Қосшы және Ақмол кенттерінде және Щучинск қаласында ғана іске қосылған. Бурабай ауданында жаңа КТҚ құрылысы жүргізілуде.

Облыс орталығында орналасқан «Воlаshаq saraiy» ғылыми-зияткерлік экологиялық зертханасы аралау объектілерінің бірі болғанын атап өткен жөн. Зертхана экологияға аса қызығушылық танытатын және болашақта жаратылыстану-ғылыми бейіндегі оқу орындарында білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушыларына арналған.

 Ақмола облысының еліміздің ірі тау-кен аймақтарының бірі екенін атап өтті. Облыс пайдалы қазбаларға бай. Облыста геологиялық зерттеулер жүргізу үшін айтарлықтай әлеует бар. Ақмола облысының құрамында алтыны бар кендердің минералдық-шикізат базасы Ақсу-Жолымбет және Бестөбе-Сілеті аудандары шегіндегі іздестіру нәтижелері бойынша едәуір кеңейтілуі мүмкін. 5 жылдық кезеңде ел бойынша 680 мың км2 астам алаңда, оның ішінде Ақмола облысында 35 мың км2 жер қойнауын өңірлік геологиялық зерттеу жоспарлануда.

Өңірдегі су шаруашылығын дамыту саласында 2025 жылға дейін су көлемі 833 млн.м3 болатын тасқын суларды шоғырландыру үшін Бұзылық су қоймасын салу жоспарлануда.Сондай-ақ, 2025 жылға дейін Ақмола облысының 3 ГТН қалпына келтіріледі. Бұл Астана, Қоянды және Подлесненск су қоймалары.Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы Ақмола облысында сумен жабдықтау бойынша екі нысанның құрылысы аяқталды. Макинск топтық су құбыры пайдалануға берілді. Нәтижесінде 18 мың халқы бар Макинск қаласында сумен жабдықтау жақсартылды. Сонымен қатар, ұзындығы 16 км Нұра топтық су құбырының 9 апатты учаскесін реконструкциялау аяқталды. Нұра топтық су тартқышының тозуына байланысты біз оны 2025 жылға дейін жоспарлы түрде және кезең-кезеңмен қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз.

Министрлік балық саласын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. 2030 жылға дейін Ақмола облысы бойынша балық өсіру көлемін 10 мың тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ 9,3 млрд.теңге жеке инвестициялар тарту жоспарлануда. Өткен жылы өңірде 148 тонна балық өсірілді. Жоспар 100% орындалды. Биыл 952 тонна өсіру жоспарлануда. Инвестициялық балық өсіру жобалары бойынша да жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Целиноград ауданының Қоянды кентінде 5 тонна бекіре уылдырығы және 250 тонна тауарлы балық көлемін өндіретін балық фермасын салу жобасы іске асырылуда. Инвестициялар 4,3 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында жұртшылықпен кездесу өткізіп, брифинг беріп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Негізінен сұрақтар экология саласына, ҚТҚ жаңа полигондарына, қоқысты бөлек жинауға және рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерге қатысты қойылды.

 Осындай форматтағы кездесулер алдағы уақытта тұрақты  өткізіледі.

  • 28.04.2022
  • 261
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика