• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Биыл жаңадан абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) санын айтарлықтай арттырамыз.

Абаттандырылған қоғамдық кеңістіктер бос уақытты таза ауада әрі денсаулыққа пайдалы күйде өткізіп қана қоймай, жастардың әлеуетін ашуына да, оны іске асыруына да септігін тигізеді. Себебі осындай ашық кеңістіктерде шығармашылық кештер өткізу үшін арнайы түрде сахналар мен алаңдар орнатамыз.
✅Биыл жаңадан абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) санын айтарлықтай арттырамыз. Тағы 200-ден астам аумақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз, олар жұртшылық үшін міндетті түрде тартымды орындардың біріне айналады.
✔️Қаланы жаяу аралау кезінде бірнеше қоғамдық кеңістікке бардым. Олар: «Demalys Promenade» демалыс күні серуендеуге арналға көше (Ә.Мәмбетов көшесі бойында), «Жастар» сарайынан «Музыкалық жас көрермендер театрына» дейін жалғасатын «Театральный» жаяу жүргіншілерге арналған желекжолы, арбат (қалалық саябақ). Осылайша, «Demalys Promenade» пен «Театральный» желекжолын абаттандыру – қаланың тарихи тұсында тұрғындардың бос уақытын жайлы өткізуі үшін шағын аудан ашуға, сол сияқты жаяу жүру белсенділігін арттыруға және осы бағытты ары қарай жағалаумен байланыстыруға мүмкіндік берді.
✅Осындай тартымды орындарды ашуды жалғастыра береміз. Мәселен Желтоқсан – Сейфуллин, Бейбітшілік және Омаров көшелерінде, №1 емхананың жанында тағы бір қоғамдық кеңістік ашуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты қараусыз қалған «Жерұйық-2» саябағын (Б.Момышұлы мен Төлебаев көшелерінің қиылысы) абаттандырамыз. Онда ойын алаңдары, волейбол және баскетбол алаңдары, ворк-аут аймағы, серуендеу инфрақұрылымы, демалыс аймақтары және т.б. болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында қаланың барлық ауданында, әсіресе елді мекендерде аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыратын боламыз. Осылайша, биыл күтімсіз қалған учаскелер мен бос орындар саны айтарлықтай азаяды. Өткен жылдары біз 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырған болатынбыз. Сол сияқты бұқаралық спортты дамытуға да басымдық беріледі.

  • 29.04.2022
  • 264
Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика