• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Кеден саласындығы тексеру

Құрметті оқырмандар! Мен сіздермен кеден саласындағы жақында аяқталған тексерудің кейбір нәтижелерімен бөліскім келеді.

Кеден органдарының тауарлардың өткізілуін бақылау жөніндегі жұмысында жүйелі бұзушылықтар мен елеулі олқылықтар ашылды.

Кеден органдарының лауазымды адамдары жосықсыз кәсіпкерлердің мүдделері үшін формалды тексеріп қарауды жүргізеді, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтірді.

Мысалы, «Нұр Жолы» кеден бекетінің маманы Р. Мошканов «Берекет Логистик» ЖШС жүкті тексергеннен кейін салмағы 337 кг декларацияланбаған тауарды анықтады.

Алайда, осы жүкті қайта тексеру кезінде прокуратура құны 127 млн теңге болатын 22 тонна декларацияланбаған тауарларды анықтады. Мемлекетке төленбеген кедендік төлемдер түріндегі залал 47 млн теңгені құрады.

Аталған факті бойынша «Берекет Логистик» ЖШС директорына қатысты ҚК-нің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша және Мошкановқа қатысты ҚК-нің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқа жағдайда, Алматы қаласының МКД қызметкерлері ақпараттық жүйелерде әкелінген тауарлардың шыққан елі туралы мәліметтерді заңсыз түзеткен.

Бұл СЭҚ қатысушыларына импортталған тауардың кедендік құнын тексеруге тәуекел бейіндерін айналып өтуге мүмкіндік берді. Тек 9 импорттаушы бойынша мемлекетке келтірілген залал 143 млн. теңгені құрады.

Осы заң бұзушылықтар бойынша ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұдан басқа, заңнаманы елеулі бұзушылықтарға сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі – СЭҚ), оның ішінде уәкілетті экономикалық операторлар (бұдан әрі - операторлар) да жол береді.

Осылайша, уәкілетті операторлар 90 млрд теңгеге жуық салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған.

Қазір біздің талап бойынша қаржы министрлігі олардан осы қаражатты өндіріп алу бойынша шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар, операторлардың контрабанда фактілеріне қатыстылығының 11 жағдайы анықталды.

Мысалы, «GROUP OF the COMPANIES TDA» ЖШС операторының мәлімденген жүгін тексеру арқылы 32 млн теңге сомасына декларацияланбаған тауарлар анықталды. Шығын сомасы - 8,4 млн теңге.

Осындай бұзушылықтар аталған компанияның тағы 6 декларациясы бойынша тауарларды тексеру барысында анықталды, контрабандалық тауарлардың жалпы сомасы 255 млн.теңгені құрады.

Осы фактілер бойынша біз Қылмыстық кодекстің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғадық. ЖШС директоры қамауға алынды.

Жалпы, ҚХР-мен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды дұрыс декларациялаудың көптеген жағдайлары анықталды, әкімшілік істер қозғалды, сотқа дейінгі тергеулер басталды.

Қазір Үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, барлық бұзушылықтар бойынша егжей-тегжейлі талдайтын боламыз.

Тексеру нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты жақын арада халыққа ұсынамыз.

  • 03.05.2022
  • 314
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

Асылов Б.Н.
(Мұрағат)

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика