• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Геология саласының даму перспективалары

 ҚР Үкіметінің отырысында геология саласын дамытудың ағымдағы жай-күйі мен перспективалары туралы баяндадым.

Пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің расталған қоры бойынша республика әлемнің жетекші елдерінің алғашқы ондығына кіреді (хром бойынша – 1 орын, вольфрам бойынша – 2 орын, мырыш, қорғасын бойынша – тиісінше 3 және 4 орын, мыс бойынша – 6 орын). Бұл ретте, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геология саласының алдында тұрған басты сын-қатері - қорлардың толықтыру деңгейінің төмендігі. Өндірудің қазіргі деңгейін алатын болсақ, тиісті толықтырусыз көптеген игерілетін кен орындарының қорлары таяу болашақта таусылатын болады. Осыған байланысты, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жандандыру талап етіледі. Бұл кейіннен жер қойнауын пайдалануға беру үшін перспективалы алаңдар мен объектілерді анықтау бойынша негізгі әдістердің бірі болып табылады. 2020-2022 жылдары мемлекеттік салымдардың көлемі 30 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, соңғы жылдары мемлекеттік инвестициялардың ұлғаюы байқалуда. Әйтсе де, Қазақстан геологиялық барлауға салынатын мемлекеттік инвестициялардың 1 шаршы километрге төмен көрсеткішімен сипатталады. Бізде ол 11 АҚШ долларын құрайды. Мәселен, салыстыру үшін Австралияда – 167 доллар, Канадада – 203 доллар. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, инвесторлар өз қаражатын мемлекет есебінен болжамды ресурстары бар, перспективалы учаскелер базасы қалыптасқан жұмыстардың ерте сатыларын жүргізген немесе жүргізу үстіндегі елдерде кен орындарын барлауға салуда. Мемлекет басшысы геологиялық зерделеуді арттыру, перспективалы учаскелерді анықтау, геологиялық зерттеудің инвестициялық тартымдылығын арттыру, минералдық-шикізат базасын молайту және т.б. үшін геология саласының алдына бірқатар міндеттер қойды. Елімізде жаңа ашылымдар үшін айтарлықтай перспективалар бар. Геологтармен көмірсутектер бөлігінде шамамен 76 млрд. тонна шартты отынның болжамды ресурстары және әртүрлі дәрежеде зерттелген 15 шөгінді бассейн бөлінеді.Бүгінгі таңда мұнай-газ өндірісінің барлық көлемі игерілген
5 бассейнге тиесілі. Оның ішінде ең ірісі Каспий маңы болып саналады және оған елдің ресурстық базасының шамамен 80 пайызы тиесілі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында қала құраушы кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, экономиканың негізін тау-кен металлургия кешені құрайтын Риддер, Хромтау, Жезқазған, Теміртау және Балқаш моноқалаларына жақын орналасқан 7 перспективалы учаскеде іздестіру жұмыстары жүргізілуде.Атап айтқанда, биыл Қара-Аяқ және Мунча учаскелерінде сирек кездесетін металдарды анықтау жұмыстары жалғасуда. 12 учаске бойынша сирек кездесетін металдарды анықтау перспективаларын анықтау бойынша жұмыстарды бастау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Каспий маңы ойпатының терең құрылысын зерттеу мақсатында «Еуразия» жобасы бойынша жұмыс басталды. Былтыр жобаның 1-ші кезеңін жүзеге асыруға кірістік. Ол геологиялық-геофизикалық материалдарды заманауи технологиялар бойынша талдауды, жинақтауды және қайта түсіндіруді қамтиды. Екінші және үшінші кезеңдерді іске асыру инвестициялар есебінен көзделеді. Зерттеу нәтижелері бойынша жеке инвестициялар есебінен тереңдігі 10-15 км дейінгі ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда. Бұл геологиялық қиманы зерттеуге және көмірсутектерді іздеуге қатысты бассейннің әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет терең көкжиектер мен аса терең бұрғылауға геологиялық-геофизикалық зерттеулердің деректер банкін құратын болады және мұнай мен газдың ірі кен орындарын ашу мүмкіндігіне ие болады.Бұдан бөлек, «Қазгеоақпарат» және «Қазгеология» ведомстволық бағынысты ұйымдарының базасында өткен жылдың желтоқсан айында Ұлттық геологиялық қызмет құрылды. Маусым айында осы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және басқа да іс-шаралары аяқталады. Геологиялық қызметтердің негізгі міндеттері – геологиялық ақпаратты жинау, талдау және ұсыну, сондай-ақ жүйелі геологиялық зерттеулер, оның ішінде геологиялық қамту карталарын жасау.

 

  • 04.05.2022
  • 350
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика