• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстанға халықаралық конвенцияларды ратификациялау жұмысында техникалық қолдау көрсетеді

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) еңбек саласындағы халықаралық конвенцияларды ратификациялауға қатысты сұрақтар бойынша Қазақстанға техникалық көмек көрсетуе дайын. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен ХЕҰ Миссиясы өкілдерінің кездесуінде тараптар осындай келісімге келді. ХЕҰ Миссиясы Нұр-Сұлтан қаласына Қазақстанның ұлттық заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес келтіру мәселелерін талқылауға келген.

Келіссөз басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ХЕҰ өкілдеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы өзара нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

«Қазақстан 1993 жылдан бері ХЕҰ мүшесі. Біз 2019 жылы ұйымның 100 жылдығын атап өттік. Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналған Декларацияны қолдайтынымызды растаймыз. Бұл Декларация еңбек саласын күтіп тұрған өзгерістерге, осы саладағы стратегиялық жоспарға негізделген. Ол халықты лайықты жұмыспен қамтуды, халыққа таңдау еркіндігін ұсынуды көздейді. Осы уақытқа дейін бірлескен жұмыс аясында Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының 25 Конвенциясын ратификациялады. Бұл Конвенциялар бойынша міндеттемелер еліміздің заңнамасымен белгіленеді», - деді Тамара Дүйсенова.

Министр ХЕҰ өкілдеріне «Қауымдастық бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы» №87 Конвенцияны іске асыру бойынша қабылданған Жол картасы жөнінде айтты. Құжат 2018 жылы ХЕҰ ұсынысы бойынша әзірленді. 2020 жылы мамыр айында Еңбек және Қылмыстық Кодекстерге, «Кәсіподақтар туралы» және «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

«Негізгі өзгерістер кәсіподақтардың бірігу бостандығына қатысты құқықтарын кеңейтуге, оларды тіркеуді жеңілдетуге арналды. Мәселен, «Кәсіподақтар туралы» заңға кәсіподақтардың өзінен жоғары тұрған кәсіподақтық бірлестіктерге міндетті мүшелігін алып тастауды көздейтін түзетулер енгізілді. Кәсіподақтарды тіркеу кезінде олардың мәртебесін растау шарттары жеңілдетілді. «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңнан «Атамекен» ҰКП-ның әлеуметтік серіктестік жүйесіндегі жұмыс берушіні ұсыну жөніндегі өкілеттігі алынып тасталды. Ал Еңбек Кодексінде жұмыс берушінің өкілі мен оның өкілеттігі жеке бапта көрсетіледі», - деді Тамара Дүйсенова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қазақстанның ұлттық заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің арқасында қазір елімізде  3 республикалық кәсіподақ бірлестігі, 56 салалық, 35 аумақтық кәсіподақ бірлестігі және 370 жергілікті кәсіподақ жұмыс істейтінін атап өтті. Олар елдегі барлық жалдамалы жұмысшының тең жартысын – 3 миллионға жуық адамды біріктіреді.

Бұдан бөлек Қазақстан Үкіметі мен республикалық кәсіподақ бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды. Ол жұмысшыларды лайықты еңбек жағдайымен қамтуды көздейді. Келісімді жүзеге асыру үшін тараптар ХЕҰ бірқатар конвенциясын ратификациялау бойынша консультация өткізуге келісті.

Мәселен, 2022 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан ХЕҰ «Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы жұмыс туралы» №175 Конвенциясын ратификациялады.

Қазір әлеуметтік серіктестермен бірге «Дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу туралы» №131 Конвенцияны және «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымды жою туралы» №190 Конвенцияны ратификациялауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

«Бұған дейін №190 Конвенцияны ратификациялауға дайындық барысында біздің министрлік Халықаралық еңбек ұйымының Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша Бюросынан еңбек саласындағы зорлық-зомбылық деректерін зерттеу үшін техникалық қолдау көрсетуді сұрадық. Осы сәтті пайдалана отырып, ұлттық заңнаманың ХЕҰ №131 Конвенциясының талаптарына сай келетінін немесе келмейтінін талдау үшін техникалық кеңес беруіңізді сұраймыз», - деді Тамара Дүйсенова.

«Біз «Лайықты еңбек» бағдарламасы аясында да өзара бірлескен жұмысқа дайынбыз. Бұл серіктестігіміздің әлеуетін арттырып, еліміздің халықты лайықты жұмыспен қамту бойынша алға қойған мақсаттарына жетуіне ықпал етер еді», - деп, атап өтті Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде ХЕҰ Миссиясының өкілдері Қазақстанның ұлттық заңнаманы халықаралық талаптарға бейімдеу бағытындағы жұмыстарын атап өтті. Олар бұл бағытта бірлескен жұмысқа дайын екенін айтты.

«Қазақстанның еңбек саласындағы оң өзгерістерді атап өткім келеді. Бұл өзгерістер министрліктеріңіз бен ел Үкіметі жүргізіп отырған жұмыстың арқасында болып отыр. Біз бұл дамуды жоғары бағалаймыз. Өзгерістердің барлығын мұқият зерттеуді жоспарлап отырмыз.

Біз Қазақстанның ХЕҰ конвенцияларын ратификациялауға дайындық жұмыстарына техникалық қолдау көрсету жөнінде тиісті есеп дайындаймыз.

Халықаралық еңбек ұйымының атынан болашақта бірлескен нәтижелі жұмысқа әзір екенімізді айтқым келеді», - деді ХЕҰ Миссиясының басшысы Никлас Бруун.

  • 05.05.2022
  • 347
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика