• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Есіл ауданының тұрғындарымен кездесіп, ауданды дамыту мәселесін талқыладық.

Қала тұрғындарымен жүйелі түрде кездесіп тұрамыз.  Есіл ауданының тұрғындарымен кездесіп, ауданды дамыту мәселесін талқыладық. Кездесуіміз ылғи да «ашық микрофон» форматында өтеді. Қатысушылар толғандырған сауалдарын қоя алады. Сұрақтар сол сияқты әлеуметтік желі арқылы да жолданады.
✅Кездесуіміз үш сағатқа созылып, 200-ден аса сұрақ қойылды, ұсыныстар да айтылды. Оларды орындау бойынша жоспар құрамыз. Мәселен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік нысандар, жолдар, қоғамдық кеңістіктер, инфрақұрылымдық нысандар салу, газдандыру туралы мәселелер қозғалды. Сол сияқты апатты жағдайдағы үйлерді бұзу, жарықтандыру, интернет, автобус, көгалдандыру, тығыз салынған құрылыс секілді өзге де проблемалар айтылды.
Есіл – қарқынды дамып келе жатқан аудан. Жыл сайын тұрғындар саны 40 мыңға артады. Мұның бәрі қаланың инфрақұрылымына айтарлықтай күш түсіреді. Осыны ескере отырып, соңғы жылдары мектеп, медициналық орталық, әлеуметтік баспана, спорт нысаны, аулалар және т.б. құрылыс көлемі айтарлықтай артты.
✅Жүйелі бағыттарға толығырақ тоқталып өтейін. Есіл ауданындағы көше-жол желісіне түскен күшті жеңілдету үшін 2 көлік көпірінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Ұлы Дала даңғылындағы көпірдің құрылысын биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ал Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің біту мерзімі – 2023 жыл.
✅Маңызды мәселелердің бірі – ауданды газдандыру. Алматы және Сарыарқа аудандары толығымен газдандырылды. Ол үшін 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды. Биыл Есіл ауданында (Үркер, Шұбар, Пригородный, Телман елді мекендері, «Family Village», «Garden Village» шағын ауданы және т.б.) осы бағыттағы жұмысты бастаймыз. Шұбар ықшам ауданында газдандыруды жобалау жұмысы жүріп жатыр. Алдымен газ құбырын, ал келесі жылы квартал ішіндегі желілерді саламыз. Мұның бәрі қала экологиясына оң әсер етеді.
Сол сияқты алдағы уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүретін аудандарды жылумен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 құрылысы жанданды. Қазір жергілікті 3 газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ, электр, су беру қуатын алдын ала арттыру қажет. Өткен жылдан бастап сорғы-сүзгі станциясының (ССС-3) құрылысына кірістік. 

  • 06.05.2022
  • 301
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика