• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
САРЫАҒАШ ПЕН КЕЛЕС САПАРЫ

Cаялы Сарыағаш пен берекелі Келес аудандарына арнайы іссапармен барып, тұрғындармен кездестім. Аудан тұрғындарының басым көпшілігі мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, жеке кәсібін домалатуда,  ауыл шарушалығы саласында еңбек етіп, отбасыларын асырап жүр. Ауыл шаруашылығы дамыған өңірде су мәселесі, жайылымдық жер мәселесі жиі айтылды. Ағын су бойынша біз барынша су үнемдеу технологиясына көшуіміз керек. Ондай жобаларға қолдау көрсетіледі. Жайылым тапшылығы да күрделі. Мемлекет тарапынан пайдаланылмай жатқан алқаптарды ортақ жайылымға беру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Мал бордақылау алаңдарын ашуға күш салған жөн. 
Кездесуде тұрғындар аудандарда жаңа мектеп салу, заман талабына сай оқушылар сарайы мен мәдениет үйін салу, жол, аяқжол, көгілдір отын, емхана, интернет, ағын су мәселесін көтерді. Мал ұрлығы мен жұмыссыздық жайлы да сөз қозғалды. 
Сарыағаш ауданында перинеталдық орталықтың құрылысы басталады, 500 орындық емхана салынады. Жаңадан ашылған «HighSchool» of Saryagash» жеке меншік зияткерлік мектебінде болып, жұмысымен таныстым. Онда 430 оқушы білім алуда. Жеке меншік мектептерді де көбейту игі іс болмақ. 
Келеске келсек, біз жаңа аудан құрылған сәттен бюджетін молайтып, барынша қолдау көрсетіп келеміз. Аудан орталығы көркейіп, жаңа ғимараттармен толықты. Ауданда құрылыс қарқыны күрт өсті. Жылына 2-3 мектеп салынады. Газ бойынша 9 елді мекеннің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұл – жақсы көрсеткіш. 
Кездесуден соң аудандардың тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдадым. Көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, өзекті мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады. -- https://youtu.be/-H7xKN10sz4

 

  • 11.05.2022
  • 273
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика