• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы ауданын ары қарай дамыту мәселесін жергілікті тұрғындармен талқыладық.

✅Алматы ауданын ары қарай дамыту мәселесін жергілікті тұрғындармен талқыладық. Аталмыш ауданның құрылғанына 24 жыл болды. Тұрғындармен кездесуіміз 2,5 сағатқа созылды. Ниет білдіргендердің бәрі сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.
Кездесу барысында қала тұрғындары апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй кешендерін жөндеу, электрлік қосалқы станциялардың жұмысы, әлеуметтік нысандар, кәріз желілері, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, қосымша автобустар шығару, көгалдандыру, тығыз салынған құрылыс, интернет, су қысымы секілді түрлі мәселелерді көтерді. Алматы ауданы құрылғаннан бері жергілікті тұрғындар саны 4 есе артты. Қазір мұнда 320 мыңға жуық адам тұрады.
✅Әлеуметтік нысандарды салудан бөлек, басты мәселелердің бірі – кәріз желісі мен шағын электр станцияларын салу. Мәселен былтыр 146 проблемалы учаскеде су басу мәселесі шешілді. Осы үшін 130 км-ден астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынды. Олардың бір бөлігі Алматы ауданында орналасқан. Мысалы су басу мәселесі ауданның (және қаланың) ең проблемалы тұстарының бірі – Б.Момышұлы даңғылында шешілді. Бұл маңайда жаңбырлы күндері көліктер белшесінен суға бататын. Сол себепті қолданыстағы нөсер кәрізі желісінің өткізу қабілетін 1,5 есе арттыратын нөсер кәрізінің магистральдық коллекторын салдық. Сол сияқты Жастар шағын ауданында (Тәшенов пен Амман көшелерінің қиылысы) жеткізуші коллекторлар мен өзге де кәріздерді қайта салу арқылы тазарту қондырғысы орнатылды. Олар көшелер мен үйлерді су басудан сақтап қалды.
Алматы ауданында газ тарату желісі салынды. Бұл ауданда 1700-ге жуық отбасы газға көшті. Көгілдір отын қала тұрғындарының өмірін экологиялық тұрғыдан жақсартады.
✔️Сонымен қатар Алматы ауданына қарасты кейбір елді мекендерде желді күндері электр желісі істен шығып жатады. Бұл проблеманы шешу үшін «Қазбек» қосалқы станциясының құрылысы және «Жұлдыз» қосалқы станциясын қайта жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Бұл нысандарды келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.
✔️Биыл Алматы ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар (мектеп, медициналық орталық, қолжетімді тұрғын үй), 80 аула мен қоғамдық кеңістік, дене шынықтыру-сауықтыру кешені және т.б. салынады.

  • 11.05.2022
  • 324
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика