- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНА СУ ЖІБЕРІЛДІ
Түркістанда елде теңдесі жоқ ескек есу базасының құрылысы жүріп жатқанын алдыңғы жазбаларымның бірінде айтып өткенмін. Бұл – өте ауқымды жоба. Спорт кешендері бар есу каналы өңірде су спортын дамытып қана қоймай, туризмнің гүлденуіне де үлес қосады. Екіншіден, қаланы көгалдандыру, атмосферасын өзгертуде де каналдағы судың маңызы зор.
Қазіргі таңда ескек есу базасына сынақтан өткізу үшін су жіберілді. Арнайы сарапталып жатыр. Мұнда арнайы құбырлар мен арықтар орнатылды. Су келетін каналдар дайын. Қазір 250 мың текше метр су жиналған.
Халықаралық теннис орталығы, әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үйлер де кестеге сай салынып жатыр. Облыстық жедел жәрдем станциясы 1-2 ай ішінде тапсырылмақ. Ал Полиция департаментінің жедел басқару орталығының шатыры орнатылған.
Өңірдегі әлеуметтік және маңызды нысандардың құрылысы жалғасады. Құрылыстардың сапасы мен тапсыру мерзімі менің жіті бақылауымда тұр.
- 11.05.2022
- 251