• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкімет отырысына қатысып, автомобиль жолдары және көлік саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап бердім

⚜️Үкімет отырысына қатысып, автомобиль жолдары және көлік саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап бердім.

Бүгінгі таңда республикалық желінің 7,3 мың шақырымында жұмыстар жүргізілуде. Оның 4,3 мың шақырымында құрылыс және реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың соңына дейін 1,6 мың шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланған.

Автожолдарды дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаға сәйкес 2022 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 91 пайызын, ал жергілікті жолдардың 85 пайызын нормативтік жағдайға келтіру жоспарланып отыр.

Сөз кезегінде Үкімет басшысы жергілікті әкімдер өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты екендігін атап өтіп, бірқатар тапсырма жүктеді.

🔹Біріншіден, министрлігімізге жергілікті әкімдіктер және ҚазАвтоЖолмен бірлесіп, жоспарланған жобаларды уақытында пайдалануға беру мәселесін назарға алуды тапсырды. Сонымен бірге, ҚазАвтоЖол компаниясы жолдарды күтіп ұстау сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтуі қажет екендігін тілге тиек етті. Бұл ретте автожолдарды қайта жаңғырту және жаңа жолдар салу бойынша ірі жобалар жүзеге асырылатынын айтқым келеді.

🔹Екіншіден, жыл соңына дейін автожолдардың жоспарланған учаскелерінде ақы төлеуді енгізе отырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге көшіру жұмыстарын аяқтау қажет. Бұл өз кезегінде жолдарды нормативтік жағдайда күтіп-ұстауға мүмкіндік береді.

🔹Үшіншіден, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын жаңғырту жұмыстарын сапалы жүргізіп, 2026 жылға қарай ұлттық стандартқа сәйкестендіру қажет. Айта кетерлігі, алдағы уақытта мыңнан астам қызмет көрсету нысанын тиісті стандарттарға сәйкестендіру жұмыстары жалғасатын болады.

🔹Төртіншіден, құрылыс жұмыстарын үзіліссіз жүргізу үшін Энергетика министрлігі мен Қазақстан теміржолына құрылыс компанияларына қажетті мөлшерде битум мен қажетті инертті материалдарды жеткізу үшін теміржол вагондарымен қамтамасыз етуді тапсырды. Шын мәнінде, битумға деген қажеттілік биыл 1,1 млн тоннаны құрап отыр.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.

  • 17.05.2022
  • 263
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

Қарабаев М. К.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика