- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
Осы жылдың маусым айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Маңғыстау облысының халқымен кездесуі жоспарлануда.
Кездесуде жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мен кадр даярлауға қатысты өзекті мәселелер талқыланады.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы.
Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: 8 (7172) 74 36 03, 74 36 79, 74 37 23.
Азаматтарды кездесуге қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне өздерін толғандыратын сұрақтарды қоюға шақырамыз.
- 21.05.2022
- 226