- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қаржы мониторингі агенттігі зияткерлік меншікті қорғау, контрафактілік өніммен және цифрлық ортадағы қарақшылықпен күрес мәселелері бойынша вебинарға қатысты
Іс-шараны Әділет министрлігі Қазақстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен шетелдік мамандар үшін ұйымдастырды. Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Ол 2021 жылы және ағымдағы жылдың 4 айында Агенттік тауар таңбасын заңсыз пайдалану және авторлық құқықтарды бұзу фактілері бойынша 15 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркегенін, олар бойынша жалпы залал 2 млрд теңгеден асқанын хабарлады. Вебинар қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, осы саладағы одан әрі жұмыс және ынтымақтастық жоспарларын белгіледі.
- 24.05.2022
- 242