- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Нұр-Сұлтан қаласында KIOSH-2022 Х Қазақстандық халықаралық конференциясы өтіп жатыр
Қазақстандық және халықаралық сарапшылар Жаңа Қазақстан жағдайында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті трансформациялау мәселелерін елордада 26-27 мамыр аралығында өтіп жатқан KIOSH-2022 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша X Қазақстандық халықаралық конференциясында талқылап жатыр.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) Iteca қазақстандық көрме компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, еліміздің ірі жұмыс берушілері, еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.
«Трансформация дәуіріндегі еңбекті қорғау: әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етудің жаһандық шешімдері» тақырыбындағы стратегиялық сессияда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының Бас хатшысы Марсело Аби-Рамия Каетано бейнебайланыс арқылы қатысты. Офлайн режимде сессияға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының Жаһандық елшісі Ханс-Хорст Конколевски, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Халықаралық еңбек инспекциясы қауымдастығының Вице-президенті Иван Шкловец және басқалар қатысты.
Ералы Тоғжанов өзінің құттықтау сөзінде еңбекті қорғаудың, әлеуметтік қорғау шараларының рөлі және әлеуметтік саясаттың маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Жаңа Қазақстан аясында қоғам басқарудың, оның ішінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерінің енгізілуін күтеді.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылы 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Ағымдағы жылы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы мақұлдады. Осылайша, мемлекеттік деңгейде қауіпсіз еңбек, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек ресурстарын сақтау басымдығы жарияланды және басқарудың барлық деңгейлеріндегі қызметтің негізгі бағыттары айқындалды. Конференцияның рөлін бұл аспектіде бағалау қиын, ол алдына аса ауқымды мақсаттар қоя отырып, одан әрі дамуға тиіс», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі өз кезегінде жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайын жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
«Әлемдегі жаһандық сын-қатерлер, соңғы жылдары болып жатқан оқиғалар адамдардың қауіпсіздігіне, әл-ауқатына, корпоративтік мәдениеттің рөліне баса назар аудара отырып, әлеуметтік саясаттың маңызды екенін кезекті рет көрсетті. Сондықтан біз еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаңартуға кірістік. Еңбек заңнамасына еңбекті қорғауды басқаруда жүйелі тәсілді жаппай енгізуге және кәсіби тәуекелдерді бағалауға қатысты жаңа нормалар енгізілді», – деді Тамара Дүйсенова.
Ол сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы цифрлық трансформациялар мемлекеттік бақылауға әсер еткенін атап өтті. Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын жұмыс берушінің өзі тексеруін көздейтін «Онлайн еңбек кеңесшісі» қызметі іске қосылды. Ішкі бақылауды дамыту үшін алғышарттар жасалды. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша оң динамика сақталуда.
«Сонымен бірге, біз кәсіпорындарымыздағы жасырын жарақаттану проблемасының ұлғайып келе жатқанын айтуымыз керек. Біз әрі қарайғы әрекеттерімізді бірге анықтауымыз керек, әрекет етпеу бағасы тым жоғары – бұл адамдардың өмірі. Үкімет, жұмыс берушілер, кәсіподақтар бірлесе отырып мақсатты жұмыс істеуі тиіс», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Қойылған мәселелерді шешу үшін келесі бағыттар бойынша жұмыс жоспарлануда:
Біріншіден, нормативтік құжаттарға тәуекелге бағытталған тәсілді енгізу. Кәсіптік тәуекелді бағалау барлық сала мен қызмет түрлерінің кәсіпорындарында еңбекті қорғау саласындағы негізгі рәсімге айналады. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс істеу кезінде кепілдіктер беру кәсіптік қатерді бағалау нәтижелеріне негізделеді.
Екіншіден, кәсіптік тәуекелдерді төмендету бойынша жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру. Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі жарақаттануды болдырмауға және еңбекке жарамсыздықтың барлық кезеңіне жазатайым оқиға басталған кезде зардап шеккен қызметкерді алып жүруге бағытталған алдын алу жүйесіне өзгертіледі.
Үшіншіден, кәсіби құзыреттерді дамыту тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде де құрылады. Онлайн платформаны енгізе отырып, оқыту мен білімді тексеру рәсімдерінің ара-жігін ажырату жолымен еңбекті қорғау саласында оқыту мен біліктілікті арттыру жүйесінің форматы өзгереді.
Төртіншіден, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге ерекше назар аударылады. Барлық реформалар алдын ала ғылыми сынақтан өтеді. Еңбекті қорғау институты Жалпы ғылыми-әдістемелік басшылық пен ғылыми әзірлемелерді енгізу үшін базалық ұйым болуға тиіс.
Бесіншіден, отандық кәсіпорындарда кәсіптік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралардың нәтижесін бағалауға мүмкіндік беретін талдамалық ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және жұмыс берушілерді ынталандыру үшін кәсіптік қатерлерді бағалау сапасын сараптау рәсімі енгізіледі.
Стратегиялық сессия соңында Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының Жаһандық елшісі Ханс-Хорст Конколевски, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов және «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын ілгерілету бойынша стратегиялық серіктестердің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы туралы бірлескен Меморандумға қол қойды.
- 27.05.2022
- 233