• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Оқушылардың болмыс-бітімін жетілдіруде ұстаздар рөлі ерекше.

Оқушылардың болмыс-бітімін жетілдіруде ұстаздар рөлі ерекше. Мұғалімдердің кәсібилігі мен шыдамдылығының арқасында мектеп оқушылары мен студенттер білім алып, олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орынға ілігіп жатады. Осылайша мамандығын анықтап, өмірден өз орнын табады.
✅Қаламызда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында (Абылай хан даңғылы мен Ақбұлақ өзені бойындағы «Беласар» көпірі арасында) Ұстаздар саябағы абаттандырылып, ашылды. Бұл қала тұрғындары үшін тартымды орындардың біріне айналып қана қоймай ұстаздар мен студенттердің пікір алмасатын алаңы болмақ. Ұстаздар саябағы сол маңдағы көпір асты кеңістігі мен құтқарушылар саябағының жалғасы болып саналады, сол сияқты ол Ақбұлақ өзенінің жағалауын біріктіреді, оны біз биыл абаттандырып, қаланың тартымды орындарының біріне айналдыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша елорданың оң жағалауында бос уақытты пайдалы өткізетін әрі спортпен шұғылдануға болатын ыңғайлы орындар саны арта түсті.
✅Алдағы жаңа оқу жылынан бастап педагог болып жұмыс істейтін түлектерге бүгін сөз берілді. Болашақ ұстаздар елорда тарапынан бөлінген грант бойынша білім алды. Осыған дейін біз 1300 грант бөлген едік, ал жаңа оқу жылында тағы 1000 грант бөлінеді. Сол сияқты білім беру әдісімен көзге түскен ұстаздарға 300 мың теңге көлемінде сыйақы береміз. Олардың еңбегінің арқасында оқушыларымыз олимпиадаларда 90-нан аса медаль жеңіп алды.
✔️Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұстаздар қауымына жағдай жасауға және сапалы білім алуға айрықша көңіл бөлінеді: «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, оның нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға артады, сондай-ақ соңғы үш жылда 70 мың оқушыға арналған 34 мектеп салынды, «Elorda Jastary» бағдарламасы бойынша тұрғын үй, бұдан бөлек білім беру, жұмысқа орналастыру секілді түрлі көмек көрсетіледі.
Құрметті ұстаздар, түлектер, ата-аналар, сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, бақыт, әрбір бастамаларыңызға табыс тілеймін! Өздеріңізге және өз күштеріңізге сенім артыңыздар!

  • 27.05.2022
  • 260
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика