- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Ақмола облысына іс сапар туралы
Бүгін Ақмола облысы Бурабай ауданының прокуратурасында көшпелі кеңес өткізіп, аудандық полиция бөліміне бардым.
Облыс әкімі, Ішкі істер министрінің орынбасары және құқық қорғау органдары басшыларымен бірлесіп қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ бизнесті қорғау мәселелері қаралды.
Облыстың құқық қорғау органдарының басшыларына сотқа дейінгі тергеу сатысында негізгі шешімдерді келісу бойынша пилоттық жобаны сапалы іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау тапсырылды.
Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру болашақта азаматтардың құқықтарын уақтылы қорғауды қамтамасыз етеді және олардың қылмыстық процесс шеңберіне негізсіз тартылуын болдырмайды деп санаймын.
- 05.11.2020
- 382