- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 ЖЫЛДА 199 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Кезекті апталық аппарат отырсында білім саласын жіті талқыладық.
Облысымызда инвесторларды тарту арқылы жекеменшік мектептер санын артту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Шалғай елді мекендерде тұратын оқушыларды тасымалдайтын жаңа автобустар да алынбақ.
Республика бойынша 2021-2025 жылдар аралығында салынып жатқан мектептердің төрттен бір бөлігі – Түркістан облысына тиесілі. 4 жылда өңірде 199 мектеп бой көтереді. Былтыр бюджет қаржысына салынған 44 мектеп, жекеменшік 16 мектеп пайдалануға берілді. Ал биыл облыста 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар жиында өңірдегі қоғамдық саяси ахуал, шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары сөз болды.
Ең бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігіне баса мән берілуі керек. Түркістан қаласында бірқатар су нысандары іске қосылып жатыр. Осы аумақтарда қауіпсіздікті шараларын күшейткен жөн. Тұрақты қадағалау қажет.
Өзекті мәселелер тек қалқыланып қана қоймай, жұмыс атқарылуы тиіс. Тапсырмалардың орындалуы – менің бақылауымда.
- 31.05.2022
- 238