• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова Қазақстанның ірі жұмыс берушілерімен өзекті мәселелерді талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Республикалық тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Тараптар еңбек қатынастары саласындағы бірқатар маңызды мәселені талқылап, алдағы уақытта мемлекеттік орган және бизнес қауымдастық арасындағы өзара байланысты дамытуға қатысты позициялар жөнінде келісімге келді.  

Кездесуді ұйымдастыру жөніндегі бастаманы Республикалық тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец көтерді. Іс-шараға «Кazakhmys Holding» ЖШС Директорлар Кеңесінің Төрағасы Эдуард Огай, «Казцинк» ЖШС Бас директоры Александр Хмелёв, «Евразийская Группа»  ЖШС Басқарма Төрағасы Серік Шахажанов, «KAZ Minerals Management» ЖШС Басқарма Төрағасы Эльдар Мамедов және «Верный капитал» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Марлен Мырзабеков қатысты.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары бастамашы болған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасында көзделген түзетулер, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төленетін жәрдемақыны көбейту, экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел санаттарына жатқызу мәселелері талқыланды.      

Ірі бизнес өкілдерінің әр мәселе бойынша позициясын тыңдаған соң Тамара Дүйсенова отандық кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және зиянды, қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің санын азайту арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.   

«Республикалық тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды біріктіреді. Олардағы өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруларды азайту үшін көп күш салу қажет.  

Қазіргі таңда мемлекеттік саясат еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекті қорғауды басқару жүйесін реформалауға қатысты бірқатар шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр.  Оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге жеңілдік пен өтемақы төлеу механизмі, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру моделі және т.б шаралар бар», - деді министр.  

Келіссөз соңында Тамара Дүйсенова кездесуге қатысушыларға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жұмыспен қамту, жас мамандарды оқыту, жалдамалы жұмысшылардың табысын арттыру сияқты жүргізіліп жатқан жұмыс үшін алғыс айтты. Сондай-ақ министрліктің жұмысшыларға лайықты жалақы төлеу мен қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

  • 01.06.2022
  • 278
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика