• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова онлайн-платформалардың жетекшілерімен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда жұмыс істейтін ірі онлайн-платформалардың жетекшілерімен кездесті. Тараптар интернет-платформаларға негізделген жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін реттеу мәселелерін талқылады.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері Ақмәди Сарбасов пен Ербол Оспанов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғандықов, «Naimi.kz» ЖШС бас директоры Ерлан Есімсеитов, «Quick Work Kazakhstan CEO» бас директоры Арина Пирогова, «Яндекс.Такси» ЖШС басқарушы директоры Тайыр Байдүйсенов, «Яндекс.кз/Uber» ЖШС мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі кеңесшісі Қазыбек Кужимов, Kolesa group (kolesa.kz, krisha.kz,  market.kz) басқарушы директоры Мира Кудеринова, «Glovo.kz» ЖШС аймақтық менеджері Тарас Шевченко, «Chocofood» ЖШС бас директоры Айгерім Баймұратова, «Aviata», «Chocotravel» ЖШС операциялық директоры Елена Ксенз, «Wolt Technologies Kazakhstan» ЖШС аймақтық директоры Наталья Кхизанишвили қатысты.

Тамара Дүйсенова платформалық жұмыспен қамтудың Қазақстан нарығындағы жаңа үрдіс екенін,  бүгінде бұл азаматтарымыз үшін табыс көзіне айналғанын атап өтті. Сонымен қатар министр фрилансерлер (тәуелсіз жұмысшылар) деп аталатын ресми бекітілген мәртебенің және онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік кепілдіктер беруді реттеу тетіктерінің болмауы тартылған халық үшін, әсіресе, платформалық жұмыс олардың негізгі және жалғыз табыс көзі болып табылатын жағдайда белгілі бір тәуекелдерге ұшырайтынын атап өтті.

Тәуекелдер, ең алдымен, қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер алуға құқық беретін тапсырыс беруші жасайтын әлеуметтік аударымдар болмаған кезде, мысалы, жұмыспен қамтылған адам уақытша еңбекке жарамсыз болған немесе жұмысы мен табысынан айырылған жағдайда туындайды.

«Біздің міндетіміз, платформалық жұмыспен қамтуды одан әрі дамытуға қосымша кедергі келтірмей және шектемей, азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Біз тәуелсіз қызметкерлерді тіркеу нысанын бірлесіп айқындауымыз керек. Әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде олар әлеуметтік қолдаусыз қалмауы өте маңызды. Олар медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерімен, сондай-ақ зейнетақымен қамтылуы тиіс», – деді Тамара Дүйсенова.

Жұмыспен қамтудың икемді түрлерінің жаңа түрлерін заңнамалық бекіту тәсілдерін талқылай отырып, кездесуге қатысушылар тәуелсіз қызметкерлерді тіркеудің барынша қолжетімді және ыңғайлы рәсімін жасау және жеңілдетілген схема бойынша әлеуметтік төлемдердің ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігі туралы ұсыныс білдірді. Сондай-ақ жобаны пилоттық режимде іске асыру бастамасы туралы айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, Тамара Дүйсенова қатысушыларға алғыс білдіріп, заң жобасын пысықтау кезінде олардың ұсыныстарын ескеретінін, пилоттық жоба осы жылғы шілде айында іске қосылатынын айтты.

  • 03.06.2022
  • 393
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика