• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Орталық Азия мен Қытай сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 8 маусым - Қазақстанның төрағалығымен «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесі өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Азим Иброхим, Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов қатысты.

Министрлер достық пен сенім ахуалында өткен отырыс барысында 2022 жылғы 25 қаңтарда Қазақстанның төрағалығы жылында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өткен бірінші саммит барысында Орталық Азия мен Қытай мемлекет басшыларының көтерген бастамаларын іске асыру жолдарын қарастырды.

Делегация басшылары Орталық Азия мемлекеттері мен ҚХР арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту өңірдегі орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың, бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызды факторы болып табылатынын атап өтті. Тараптардың осы формат шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға, оның елеулі мүмкіндіктерін ашуға және Орталық Азия өңірін бейбітшілік, достық, өзара көмек, орнықты даму және үйлесімділік кеңістігіне айналдыруға мүдделілігі атап өтілді.

Қауіпсіздік, көлік және логистика, энергетика және өнеркәсіп, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, «жасыл» экономика, IT-индустрия, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және басқа да маңызды салалар сияқты стратегиялық бағыттарды қамтитын Жол картасы форматын қабылдау алға қарай маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, Орталық Азия өңірінің Қытаймен өзара байланысын тереңдету және жеке деректер қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында тиісті бастамалар мақұлданды.

Кеңес нәтижелері бойынша қабылданған қатысушы елдер форматының Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі өткен консультациялардың қорытындыларын толық көлемде көрсетті және орта мерзімді перспективаға арналған магистральдық мақсаттарды белгіледі.

Бұл қытай тарапы 2020 жылы ұсынған қолданыстағы формат өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді шешуге өзара қолайлы тәсілдерді табуға қабілетті өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тиімді тетік ретінде өзін танытқанын куәландырады.

Бүгін Қазақстан осы форматтағы төрағалығын аяқтап, Қытай Халық Республикасына келесі төртінші форумды басқару құқығын тапсырды.

  • 08.06.2022
  • 352
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика