- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті 100 жылдық мерейтойын атап өтуде
2022 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақ тау-кен қадағалау басқармасының құрылғанына 100 жыл толуын атап өтуде.
Салтанатты шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ТЖМ басшылары мен қызметкерлері, азаматтық қорғау ардагерлері мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Министр Юрий Ильин құттықтау сөзін сөйлеп, елдегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің маңыздылығы мен рөлін атап өтті. Өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуына жол ашқан және өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табылатын ардагерлерге жеке алғыс айтты.
Сонымен қатар Министр өзіне үлкен жауапкершілік жүгін артқан, өндіріс қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен өмірінің сақталуына ықпал еткен қиын және тұрақты емес уақытта дұрыс шешімдер тапқан азаматтық қорғау ардагерлеріне мерейтойлық наградаларды табыс етті,
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Қ. Мақажанов еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарында қадағалауды жүзеге асыратын барлық қызметкерлерге, сондай-ақ өздерінің зор кәсіби тәжірибесін жас қызметкерлерге беретін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде даңқты дәстүрлерді сақтайтын ардагерлерге алғыс айтып, құттықтады.
1922 жылғы 9 маусым өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі үшін маңызды тарихи күн болып табылады, ол кезде Халық шаруашылығы жоғары кеңесінің Қырғыз өнеркәсіптік экономикалық бюросы президиумының отырысында Қазақ тау-кен қадағалау басқармасын құру туралы шешім қабылданған болатын.
Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іргелі жүйесін құрудың бастамасы болды. Жүйе қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алуда көрінетін бір ортақ міндеті бар бірыңғай кешен, әртүрлі ведомстволық құрылымдардың өзара іс – қимылының үйлесімді тетігі болды.
Сондай-ақ салтанатты шарада өнеркәсіптік қауіпсіздік ардагерлері Н.К. Бижанов, В.В. Оглов, К.С. Хайрушев, Парламент Мәжілісінің депутаттары А.А. Милютин, С.М. Ершов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары В.Б. Басин құттықтау сөз сөйледі.
Ардагер К.С. Хайрушевке ҚР ТЖМ Ардагерлер кеңесінің атынан Министр медаль, алғыс хат және ақшалай сыйақы табыс етті.
Іс-шара соңында төраға «Жылдың үздік мемлекеттік инспекторы» конкурсының, «Менің ата-анам-өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының қызметкерлері» балалар арасындағы шығарма мен суреттер конкурстарының жеңімпаздарын грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады.
- 09.06.2022
- 331