- Блогтар
- Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.
ҚР Көлік министрі
Құрметті жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіл өнеркәсіп — Қазақстан экономикасындағы маңызды әрі көпбейінді, инновациялық тұрғыда тартымды сектор болып табылады. Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдері азық-түлік тауарларынан кейін екінші орында.
Соңғы бес жылда аталған салада 320 жаңа кәсіпорын іске қосылып, өндіріс көлемі 52,5 млрд теңгеге, ал негізгі капиталға құйылған инвестициялар көрсеткіші 1,8 млрд теңгеге ұлғайды. Қазіргі уақытта саланы дамыту мақсатында отандық өндірушілерді қолдау бойынша бірқатар шаралар қолға алынуда.
Кәсіби мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
- 13.06.2022
- 262