• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жақын елді мекендерде оқушыларды автобуспен тасымалдауға басымдық беру керек

2023-2025 жылдар аралығында Түркістан облысында 89 мектеп салынады. Ол білім ұяларында 72 мыңға жуық оқушы білім алады. Бүгінде өңірде білім ұяларының жобалары, жер телімдері, құжаттарын әзірлеу жұмысы басталуда. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімі аппараты отырысында талқыладық. Білім саласындағы жоспарларды сараладық.

 Білім ұяларын салудың логикалық мәні болуы тиіс. Былтыр республика бойынша салынған мектептердің төрттен бірі бізде салынды. Ендігі кезекте жақын ауылдарды сараптап, жақын елді мекендерде оқушыларды автобуспен тасымалдауға басымдық беру керек. 10-15 шақырым жерден балаларды тасымалдаған жөн. Екіншіден, инвесторлар есебінен жеке меншіктегі мектептерді көбейткен абзал. 

Апталық отырыста Түркістан қаласын дамыту мәселесі де қаралды. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 2022 жылы 7, 9 және 12 қабатты, жалпы 53 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп, қабылданады. «Арман» тұрғын үй кешенін абаттандыру мақсатында жер тегістеу, аяқжолдар төсеу және автотұрақ орындарын асфальттауға  дайындық жұмыстары атқарылды. Қалада саябақтар саны артуда. Қаланы көгалдандыру, суландыру жұмысын күшейтуді тапсырдым.  Біз қалаға қаншама гидранттар, каналдар салдық. Енді оған су бермесе, жауапты тұлғалар қадағаламаса іс өнбейді. Ағын суды есептеп, бақылау керек.

Жаз айларында жасыл желектерді суғаруды қарқынды әрі тиімді жүргізу мақсатында 3 ауысымдық жұмыс кестесі жасалды. Аталған жұмыстарды «Жасыл-Түркістан» КММ және «Жарық-Тазалық» ЖШС бірлесе жүргізіп жатыр. Б.Саттарханов даңғылы бойына күнделікті сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін 8 техника қойылып, 3 ауысымдық  түнгі кезекшілік ұйымдастырылған.

«Отырар» мөлтек ауданындағы Яссы көшесі бойынан 2,34 га аумақта гүлзар құрылысы басталды. Аталған нысанда үлкен субұрқақ, демалыс орындары, спорт алаңшалары, балалар алаңшалары, аяқжолдар, веложолдар, жүгіру жолақтары мен жасыл желектер қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер тарапынан жер жұмыстары жүргізіліп, бетон арықтар және бордюр орнату, инженерлік желілерді тарту жұмыстары аяқталған.

  • 13.06.2022
  • 330
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика