• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Проблемалық берешекті реттеу тетігіне қатысты

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2021 жылғы мамырда кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгенін еске салады, оларға сәйкес 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредиттік ұйымдардың қарыз алушы - жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады.

Мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы  - жеке тұлғалар өз кредиттерін немесе микроқарыздарын қайта құрылымдау жөніндегі мәселелерді құқықтық ая шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарау міндеті жүктелген кредиторлармен тікелей шеше алады.

Мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда, кредитті қайта құрылымдау үшін қарыз алушы жазбаша өтінішпен не шартта жазылған өзге де тәсілмен бірінші кезекте кредиторға жүгінуі қажет.

Өзінің өтінішінде қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамауының себебін көрсетуі керек. Кредитті төлеуге қатысты туындаған қиындықтарды растайтын құжаттар болуға тиіс. Сонымен бірге, тұтынушылар міндеттемелерді орындауға қатысты өз нұсқаларын ұсына алады. Бұл сыйақы мөлшерлемесін азайту, төлемді кейінге қалдыру, шарттың қолданыс мерзімін, өтеу әдісін өзгерту, өзінің қаржылық жағдайын ескере отырып жаңа өтеу кестесін жасау немесе кепілдегі мүлікті дербес түрде өткізу болуы мүмкін.

 Егер қаржылық қызметтерді тұтынушы кредитормен келісімге келе алмаса, онда ол Агенттікке жүгінуге құқылы. Бұл ретте кредиттік ұйымға жүгінгені және өзара қолайлы шешімге келмегені туралы растаманы міндетті түрде ұсыну қажет.

Өтінішті жазбаша түрде не болмаса «e-Otinish» ресми өтініштер беру сервисі арқылы беруге болады. Агенттіктің әлеуметтік желілері, электрондық поштасы және мессенджерлері өтініштерді қабылдайтын ресми арна болып табылмайды.

Өтініш берген кезде міндетті түрде ЖСН, өтініш мәнін көрсету, ілеспе және растайтын құжаттарды қоса тіркеу қажет. Мұндай ақпараты жоқ өтініштер, сондай-ақ өтініш берушіні идентификаттау мүмкін емес өтініштер қарастырылмайды.

Аталған бірыңғай құқықтық режим қарыз алушыда қиындықтар туындаған бастапқы кезеңдерде берешегін реттеуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде борыш жүктемесін азайтуға және оның қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмауға көмектеседі.

Бірыңғай құқықтық режим қолданылғаннан бастап 25 979 қарыз алушы өз қарыздарының талаптарын жақсару жағына қарай өзгертті. Мәселен, 23 788 шарт бойынша негізгі борыш немесе сыйақы бойынша төлем мерзімі кейінге қалдырылды, 16 413 шарт бойынша қарыз мерзімі өзгертілді. Бұдан басқа, 861 қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі азайтылды, ішкі қайта қаржыландыру ұсынылды немесе өтеу әдісі өзгертілді.

 

  • 15.06.2022
  • 308
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика