• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Женевада Орталық Азияның ДСҰ-дағы рөлі талқыланды

2022 жылғы 14 маусымда Женева қаласында (Швейцария) қазақстандық делегация Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) процесіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы елдердің кездесуіне қатысты. Кездесуде СПЕКА елдерінің өкілдері ДСҰ-ға кіру тәжірибесімен бөлісіп, өзара көмек көрсету мүмкіндіктерін талқылады. Бұдан басқа, СПЕКА-ның сауданы жеңілдету жөніндегі стратегиясын қолдану, өңірде тұрақты саудаға қол жеткізу жөніндегі күш-жігер, сондай-ақ СПЕКА өңірінде сауда және мультимодальдық көліктік деректер мен құжаттар алмасуды стандарттау және цифрландыру жөніндегі жаңа бастамалар талқыланды.

СПЕКА-ға қатысушы елдердің құрамына Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді. Бұл бағдарлама 1998 жылы Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты күшейту және әлемдік экономикаға кірігу үшін құрылған болатын. БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы және БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы СПЕКА қызметіне бірлесіп қолдау көрсетеді.

Қазақстан СПЕКА шеңберінде автожол желілерін кеңейту мен олардың сапасын арттыруды, темір жолдардың жетіспейтін буындарын салуды және порттарды дамытуды қоса алғанда, көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған белсенді қызмет жүргізуде.

Кездесу барысында қазақстандық тарап «Ready4Trade - Central Asia» халықаралық сауда орталығымен бірлескен жоба шеңберінде трансшекаралық сауда рәсімдерінің жылдамдығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру бойынша тәжірибесімен бөлісті. Жобаның құрамдас бөліктерінің бірі Орталық Азия елдерінде сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша анықтамалық-ақпараттық ұлттық порталдар құру болып табылады. Мұндай порталдар формальдылықтарды оңайлату, үйлестіру, стандарттау және автоматтандыру үшін мүмкіндіктерді анықтауға, шекарадағы формальдылықтардың айқындылығы мен болжамдылығын арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның басқа елдермен сауда формальдылықтарына салыстырмалы талдау жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. 2022 жылғы 4 шілдеде Қазақстанда осындай порталды іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан ДСҰ-ның Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімді ратификациялау бойынша оң тәжірибесімен бөлісті. Кеден заңнамасындағы өзгерістердің нәтижесінде ұсынылатын құжаттардың саны қысқартылды, оларды ұсыну электрондық түрге ауыстырылды, электрондық декларациялау басым мәртебеге ие болды, уәкілетті экономикалық операторлар үшін оңайлатулар енгізілді, сондай-ақ транзит рәсімі кезінде тауарларға декларация бергенге дейін шығару мүмкіндігі енгізілді.

  • 15.06.2022
  • 334
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика