- Блогтар
- Теміржанов М.Б.
Теміржанов М.Б.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбай жатқан 1901 заңды тұлға тексеріледі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және халықты ауылдардағы ауыл шаруашылығы жерлерімен қамтамасыз ету проблемасы барлық өңіріндегі өткір мәселе болып отыр.
Азаматтардың өтініштері бойынша өткен жылы республикада жер заңнамасын сақтау бойынша 175 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 875,1 мың теңгеге 55 әкімшілік өндіріс қозғалды. Бұл туралы бүгін, 25 мамырда ОКҚ өткен брифингте Қазақсанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді.
«Тексеру барысында әкімдіктер тарапынан анықталған бұзушылықтар жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкілетті органдарының өз функцияларын тиісінше орындамауының, олардың арасында тиісті өзара іс-қимылдың болмауының, аталған органдар мамандарының заңда белгіленген нормалар мен талаптарды, өздерінің лауазымдық міндеттерін білмеуі мен орындамауының, сондай-ақ басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауының салдары болып табылды», - деді Ә.Тамабек.
Еске сала кетейік, 2014-2021 жылдар аралығында жерді пайдалану мен қорғауды бақылау функциялары әкімдіктердің құзыретінде болды.
2021 жылы республика бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органдар жер заңнамасының сақталуы тұрғысынан 2406 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 1111 заң бұзушылық анықталды, 1072 жағдайда жер заңнамасын бұзушыларға жалпы сомасы 219,8 млн. теңгеге айыппұл түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.
Анықталған бұзушылықтардың 65,7%-ы жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу, 1,9%-ы арнайы белгілерді жою, 8,6%-ы жерді бүлдіру; 5,3%-ы жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу, 18,5%-ы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбауға, жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаумен байланысты.
Әкімдіктермен коммерциялық мақсаттарға арналған жерлерде 2019-2021 жылдар аралығында жалпы алаңы 5,2 мың га құрайтын 3,5 мың учаскесі анықталды. Жер инспекторлары шара қабылдағаннан кейін жалпы алаңы 1,6 мың га құрайтын 1,2 мың учаскені пайдалануға кірісті, жалпы алаңы 210 га құрайтын 320 учаске мемлекетке қайтарылды, жалпы алаңы 3,4 мың га құрайтын 2 мың учаске бойынша жерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Бұдан бөлек, Қазақстанда ерекше құқықтық мәртебесі бар ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке тоқталған жөн деп есептеймін. Ауыл шаруашылығының табысты болуы үшін әрбір гектар жерді ұтымды пайдалану қажет. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шамамен 114 млн.га құрайды. Әкімдіктер жүргізген жұмыстардың аясында 2019-2021 жылдар аралығында 8,1 млн.га (егістік – 1,3 млн.га, жайылым – 6,8 млн.га) пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, олар бойынша келесі шаралар қабылданды: 3,4 млн. га шаралар қабылданғаннан кейін жер учаскелерінің бұрынғы меншік иелері мен жер пайдаланушылар игере бастады, 2,1 млн. га мемлекеттік меншікке қайтарылды және 2,6 млн.га мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды вице-министр.
Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және ауылдардағы халықты ауыл шаруашылығы жерлерімен қамтамасыз ету проблемасы барлық дерлік өңірлерде өткір тұрғанын атап өтті.
«Жерді ұтымды және тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жетілдіру жөніндегі жұмыстар қызу жүріп жатыр. 2021 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы Заңға қол қойды, соған сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау өкілеттіктері ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне толығымен өтті. Осыған орай жерлерді беру және бақылау мәселелері бір мемлекеттік орган – әкімдіктерде болуына байланысты, жергілікті атқарушы органдардың деңгейіндегі мүдделер қақтығысы мәселесі шешілді», - деп атап өтті Ә.Тамабек.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 3 қаңтарда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімін қатарынан 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды және мемлекеттік бақылаудың жаңа тетігін енгізуді көздейтін норма қабылданған болатын. Бұл ретте пайдаланылмай жатқан жерлердің 90% - ға жуығы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі.
«Ерекше жағдайларды қоспағанда президенттің шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерге мораторий енгізу туралы Жарлығын бұза отырып, тексерулер жүргізу мүмкін емес. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021 жылғы 26 шілдедегі бұйрығымен «жаппай қауіп» ұғымын айқындау жөніндегі ұсынымдар бекітілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 139 бұйрығына сәйкес, «жаппай қатер» шеңберінде жалпы алаңы 5,8 млн.га құрайтын 1901 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу жоспарлануда, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбайтын шағын кәсіпкерлер қатынастарына тексерулер тағайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді ҚР АШМ басшысының орынбасары.
Бұған қоса ол жер пайдаланушыларды экономикалық мәжбүрлеуге жағдай жасау үшін пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салық мөлшерлемелері 10-нан 20 есеге дейін ұлғайтылғанын айтты.
«Тәжірибе көрсеткендей осындай іс-әрекеттер нәтижесінде жер пайдаланушылар ұлғайтылған салықты төлемеу үшін жерлерді өз еркімен қайтарып жатады. Жоғарыда аталған іс-шаралар нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда биыл 5 млн.га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтаруды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте, пайдаланылмайтын және заңнаманы бұзушылықпен берілген жерлерді алып қою бір күнде бітетін жұмыс емес екенін атап өткім келеді. Себебі Конституцияның және Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес, меншік құқығы қорғалған. Ал алып қою процессі тек сот арқылы жүзеге асырылады», - деп толықтырды спикер.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 28 сәуірде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою бойынша жұмыс комиссиясы құрылды.
Негізгі міндет мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейту, сондай-ақ оларды шешу бойынша жүйелі заңнамалық шаралар әзірлеу арқылы пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі іс-шараларды күшейту болып табылады. Аталған комиссия ұзақ мерзімді және тұрақты негізде әрекет ететін болады.
Қазіргі уақытта облыстарда әрбір өңірдегі барлық мүдделі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, ведомствоаралық топтар құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау елдің саяси міндеттерін жүзеге асырудың ғана емес, сонымен бірге жер қатынастарын реттеу саласындағы саясатты тиімді жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады.
- 16.06.2022
- 443