• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістанды дамыту жұмыстары жалғасады

Осыдан дәл 4 жыл бұрын тәуелсіз еліміздің жылнамасында Түркістан облысын құру жөнінде тарихи шешім қабылданды. Бірнеше ғасыр бойы Қазақ хандығының астанасы болған,  Ясауи ғұламаның ізі қалған, хан мен сұлтан, билердің тұрағы,  Еуразияның шырағы атанған — Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды. 

Тарих үшін 4 жыл деген қас қағым сәт. Осы қысқа уақыт ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жеделдеп, мерейі асқақтай түсті.  Бірнеше дерекке тоқталсам,  2018 жылмен салыстырғанда жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп  өнім   көлемі  1,6  есеге  артып, 707,8 млрд. теңгеге жетсе, ауыл  шаруашылығы  өнімі  1,7  есеге артып, 906,5 млрд. теңгені құрады. Былтыр 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2018 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсті. Облыс  бюджетінің көлемі 1,7 есеге артып, 970,3 млрд. теңгені құрады.  Сырлы Созақ пен  таңғажайып Түлкібастың, берекелі Мырзашөлдің арасындағы өңірдің тұрғындары болашаққа сеніммен қарайды. Оған биыл өңірдегі 17 аудан,  қаланы аралау барысында көз жеткіздім. Ел Мемлекет басшысының саяси реформаларын,  Жаңа Қазақстанды құру бастамасын қолдап отыр. 


4 жылда Түркістан қаласының негізгі инфрақұрылымы қаланып,  мыңдаған пәтер тапсырылып,  шамамен 100 мың адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалды.  Алдағы уақытта Түркістан бәсекеге қабілетті ірі шаһарлар қатарынан табылады деп сенемін.  Бұл экономикалық көрсеткіштердің әрбірінде мыңдаған адамның маңдай тері мен еңбегі жатыр.  Осы ретте мен Түркістанның дамуына үлес қосқан Қазақ еліне,  облысымыздың еңбекқор халқына шынайы ризашылығымды,  алғысымды білдіремін. 

Қазір біз Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңіндегі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.  Жүздеген жобалар жүзеге асып,  қала адам танымастай өзгереді. Қалаға ағын су келіп, жасыл алқап аумағы артты. Әлемдік деңгейдегі ұлы мұра — Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңы рухани, мәдени орындармен толықты. Күлтөбе қалашығы зерттелуде. Тарихы тереңде жатқан Түркістан Алаштың айбынына айналып,  Түркі елдерінің рухани төрі ретінде дами береріне сенімім кәміл.  Себебі Түркістан — үш мың жылдық тарихқа жетелейтін,  бағасы мен тарихи мәні өте жоғары шаһар.  Орта ғасырлардағы жазбаларда, көне карталарда Еуропа мен Азияның ірі қалалары қатарында Түркістан да тұр.  Біз ұлы шаһардың  абыройын асқақтатып, тарихи әділеттілікті орнату кезеңінде тұрмыз. Жаңа Түркістанды заманауи технологиялардың,  мәдениет пен спорттың, туризмнің орталығына айналдырудың алғышартын бастадық. Осы ұлы іс жалғасын таба бергей!

  • 23.06.2022
  • 429
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика