- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Сауда министрлігі электрондық коммерция саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер сауалнамасын бастады
Сауалнаманың мақсаты - электронды сауда саласындағы бизнесті қолдау бағыттарын анықтау, электронды сауда субъектілері туралы ақпаратты жаңарту және кері байланыс арналарын құру.
Сауалнама барысында біз келесі нәтижелерді көздейміз:
- электрондық коммерция саласындағы кәсіпкерлер мен бизнеске қолдау көрсетуге болатын негізгі бағыттарды анықтау;
- электрондық коммерцияға қатысушылардың сандық сауаттылық деңгейін арттыру;
- электрондық коммерция нарығына қатысушылардың мәліметтер базасын жаңарту;
- қатысушыларды электронды сауда саласын өзара әрекеттесу мен дамытудың бірыңғай алаңына біріктіру;
- бизнес пен мемлекеттік сектордың өзара әрекеттесуінің қажетті және тиімді тетіктерін әзірлеу.
Сауалнама уақыты 7-10 минут
Онлайн режимінде қызмет көрсететін және тауарларды сататын немесе Интернетке қосылғысы келетін өкілдер мен қатысушылар шақырылады.
Сауда министрлігінің Баспасөз қызметі
- 13.11.2020
- 287