• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда алғашқы онлайн еңбек жәрмеңкесі бастау алды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 27-29 маусым аралығында өтетін Электрондық еңбек биржасындағы алғашқы онлайн еңбек жәрмеңкесін ашты. Оған қазақстандық 23 ірі жұмыс беруші қатысып, 50-ден астам мамандық бойынша 1320 бос жұмыс орнын ұсынды.

Министр өзінің құттықтау сөзінде еңбек жәрмеңкесі жас мамандарға отандық экономиканың флагманы саналатын кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Электрондық еңбек биржасының арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 1 мыңнан астам жастың еліміздің ірі кәсіпорындары ұсынған 50-ден астам кәсіпті қамтитын 1320 бос орынға жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Осы еңбек жәрмеңкесін қолдаған барлық компанияларға алғысымды білдіремін. Осындай іс-шараға алғаш рет қатысып отырған жастарға: асықпаңыз, қорықпаңыз, бүгін сіздің күніңіз», – деді Тамара Дүйсенова.

27 маусым күні еңбек жолын енді бастағалы отырған жас мамандарға арналған еңбек жәрмеңкесі аясында «Тиімді жұмыс іздеу» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылады, онда қатысушыларға мамандар түйіндемені қалай жазу керектігін, жұмыс берушілермен кездесуде өзін қалай ұстау, қандай сәттерге назар аудару қажет екенін үйретеді.

27-29 маусым аралығында әр жұмыс беруші өз компаниясын таныстырады. Онда жұмыс шарттары, ашық бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және т.б. туралы айтылады. Бірқатар жұмыс іздеушімен тікелей эфирде онлайн-әңгімелесу өткізіледі.

Онлайн еңбек жәрмеңкесі аясында бос жұмыс орнын ұсынған жұмыс берушілердің арасында Еуразиялық топқа (ERG) және Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығына кіретін кәсіпорындарды, Kaspi.kz, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «КАТКО" БК ЖШС, «Ernst & Young Kazakhstan» ЖШС, «Евразия групп Казахстан» ЖШС, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «Первое кредитное бюро» ЖШС компанияларын және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Алдағы уақытта осындай жәрмеңкелер халықтың түрлі топтары үшін ай сайын ұйымдастырылады.

  • 27.06.2022
  • 276
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика