- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
«Ашық диалог» порталында сауалнама және интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру
Құрметті әріптестер!
«Термоядролық реакторлардың конструкциялық материалдарының радиациялық төзімділігінің мәселелері» тақырыбында өтетін интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз. Сіз аталған тақырып бойынша сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Интернет-конференцияға қатысу үшін Ашық үкімет порталындағы «Ашық диалог» блогының «Ядролық физика институты» РМК бөліміне өту немесе https://dialog.egov.kz/conference/2477 сілтемесіне кіру қажет.
Келіп түскен мәселелерді талқылау 2022 жылғы 29 маусым күні сағат 10.00-ден бастап,30 маусым күні сағат 15.00 дейін өтеді.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 27-30 маусым аралығында «Ашық диалог» порталында «Термоядролық реакторлардың конструкциялық материалдарының радиациялық төзімділігінің мәселелері» тақырыбы бойынша онлайн-сауалнама сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз. Сауалнама https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=3189 сілтеме бойынша қол жетімді.
- 28.06.2022
- 231