• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова Мысыр елшісімен әлеуметтік-еңбек саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мысыр Араб Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Маналь Әл-Сайед Яхья әл-Шиннауимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі елдің әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастығын және тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылады.

Диалог барысында Тамара Дүйсенова министрлік әзірлеген жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру туралы айтты.

«Адам әрқашан мемлекеттің назарында. Біздің міндетіміз – азаматтардың барлық санатын дүниеге келген сәттен бастап кәрілікке дейінгі аралықта әлеуметтік қорғау, оларды нәтижелі жұмыспен қамту үшін жағдай жасау. Ең алдымен біз қазақстандық отбасын дамыту үшін базалық жағдайларды жасауға баса назар аударамыз, онда әрбір отбасы мүшесі өз машығы мен қабілетіне сүйене отырып, жұмысқа орналасу үшін тең мүмкіндіктерге ие болады», – деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ министр Отбасының цифрлық картасын енгізу, ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын және ҚР Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде айтты. Сонымен қатар әлеуметтік-еңбек саласын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан өзге де жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, қолданыстағы көп деңгейлі зейнетақы жүйесі, мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту жөніндегі шаралар кешені, кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөнінде ақпарат берді.  

Тамара Дүйсенова екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін, сондай-ақ Мысырдың әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу арқылы қабылдаған бірқатар шараларын атап өтті.

Министрдің айтуынша, Мысыр Араб Республикасының әлеуметтік қызмет көрсетуге тарифтерді белгілеу мен жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік сақтандырудағы тәжірибесі Қазақстан үшін тиімді болуы мүмкін. Бұл ретте Мысыр халқының саны көп екенін ескеру қажет.   

Өз кезегінде Мысыр елшісі екі ел арасындағы әлеуметтік, мәдени, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және т. б. салалардағы ұзақ әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа назар аударды.

Ол алдағы уақытта бірлескен жұмысты жалғастырудың, соның ішінде биыл қараша айына жоспарланған Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

  • 07.07.2022
  • 384
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика