• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 14-ші шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөнінде айтты.

Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Отбасының цифрлық картасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Оған сай әлеуметтік кепілдік түрлерінің барлығы отбасының әл-ауқатына қарай дербестеледі. 

Министрдің айтуынша Цифрлық карта республика халқын түгел қамтиды: 19, 4 миллион адам немесе 6,5 миллион отбасы. 

«15-ші тамызға дейін халықты әлеуметтік қолдау саласындағы отбасылардың ақпараты өзектендіріледі. 1-ші қыркүйектен бастап жыл соңына дейін берілетін әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік көмектің түрлері пилотты түрде жүргізіледі, 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап проактивті қызмет әлеуметтік қорғау саласы бойынаш іске асырылады», - деді министр. 

Бұдан бөлек Тамара Дүйсенова еңбек нарығын реттеу және дамыту 8 бағыт бойынша жүзеге асатынын атап өтті. 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз ету үшін барлық ұлттық жобалар мен бизнестің жеке бастамалары аясында жүргізілетін жобалар мен жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасында орналастырылады.

Электрондық еңбек биржасы баршаға қолжетімді бос жұмыс орындарының алаңына айналады. Жұмыс іздеу немесе жұмысшы іздеу осы Электрондық биржа арқылы жүзеге асады.

Жұмыспен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тағы бір бағыты – әлеуметтік жұмыс орны. Бұл бағытта мақсатты топқа кіретін азаматтарды мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орнына тарту, әлеуметтік тапсырыспен жұмыс істейтін мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдардың аясын кеңейту арқылы әлеуметтік жұмыс орындарын ашу қарастырылады.

Сондай-ақ әлеуметтік қамту жүйесімен интернет платформалар арқылы жұмыс істейтін фрилансерлер де қамтылатын болады. 

Министр алдағы уақытта еңбек ресурстарының ұтқырлығы мен өңірлердегі жұмыс күшінің үлесіне айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл ретте ішкі және сыртқы көші-қон мәселелерінде жаңа механизмдер ұсынылады. 

Сонымен қатар еңбек нарығындағы мамандардың бәсекеге қабілеттігін күшейту мақсатында оларды өмір бойы жаппай оқытуға және біліктілігін арттыруға жағдай жасалады. 

Сөзінің соңында Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон саясаты жөніндегі тұжырымдама жобасын әзірлегенін айтты. Жергілікті атқарушы органдармен келісілген соң, тұжырымдама жыл соңына дейін Үкіметке бекітілуге енгізіледі.

  • 15.07.2022
  • 304
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика